Цифрландыру департаменті

Департамент қызметінің негізі бағыттары, міндеттері мен мақсаттары.

ЦД негізгі мақсаты Университеттің процесстерін тиімді ақпараттық және бағдарламалық қолдауды қамтамасыз ету, университет ұсынатын білім беру және басқа да қызметтерінің сапасын арттыру үшін заманауи сандық технологияларды пайдалана отырып бағдарламалық-ақпараттық технологиялық ортаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Департаменттің қызметі қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру және әкімшілік шығындарды азайту арқылы үдерістердің неғұрлым жоғары тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін озық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қолдауға бағытталған.

Цифрландыру Департаментінің негізгі міндеті:

  • Университетті цифрландырудың стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
  • Техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техниканы және желілерді, телекоммуникация және байланыс құралдарын, заманауи цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалануда бірыңғай саясатты іске асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Білім берудің цифрлық/электрондық ортасын құру және оны жетілдіру, қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту.
  • Университеттің ақпараттық жүйелерін (оның ішінде «Сириус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, қашықтықтан оқыту порталын және т.б.) құру, пайдалану, сүйемелдеу және дамыту, INTERNET жаһандық желісіне және басқа да корпоративтік, аймақтық және салалық желілерге, соның ішінде жалпы университеттік және жергілікті компьютерлік желілерге шығу.
  • Университетті басқару мен оқу үрдісі үшін цифрлық технологияларды дамыту және жетілдіру.
  • Профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және білім алушыларды Университеттің бірыңғай басқару жүйесі мен электронды оқыту нысандарымен байланысқан заманауи компьютерлермен жұмыс орындарын қамтамасыз ету.
  • Оқу үрдісін және ғылыми зерттеулерді цифрлендіру, цифрлендіру аумағында салалық және университеттік стандарттарды енгізу, нормативтік-анықтамалық ақпаратты біріктіру, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ведомстволық, факультеттік және интерактивті компьютерлік зертханалар арқылы сатып алу мен пайдалануды әдістемелік бағыттау және үйлестіру.
  • Сапа менеджменті жүйесінің нұсқаулығында сипатталған «Ақпараттық- телекоммуникациялық қызмет көрсету» процедурасының жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

Цифрландыру Департаментінің құрылымына кіреді:

Цифрландыру департаментінің басшысы

Альчимбаев Арман Булатович

Телефон:8(727)-338-70-77 (вн. 7070)

Цифрландыру департаменті басшысының орынбасары

Каленова Бакытгул Советовна

Учебный корпус №2, 3 этаж, кабинет №308

Телефон: 8(727) 338-70-70 (вн.7777)

Цифрландыру департаменті басшысының орынбасары

Жансаров Еркебулан Айбекович

Учебный корпус №2, 3 этаж, кабинет №312

Телефон: 8(727) 338-79-44 (вн.7744)