С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің

Жергілікті кәсіподақ ұйымы

Біз туралы

Алматы қаласында медициналық институт ашу туралы шешім 1930 жылғы 10 шілдеде РКФСР ХКК-нің Қаулысымен қабылданды. Құжатта еліміздің барлық жоғары оқу орындарының тізімінде былай делінген:
«…Алма-Ата. Медициналық институт. Емдеу-профилактикалық факультет. Қабылдау: 1930/1931 жылдың қысында – 100 адам».

1930 жылғы 30 қарашада Қазақ АССР Халық денсаулығы комиссариатының №260 бұйрығымен жолдас Асфендияров Қазақ мемлекеттік медицина институтының директоры болып тағайындалды. 1950 жылға дейін бұл институт Қазақстандағы жалғыз медициналық жоғары оқу орны болып қала берді.

Институт ашылғаннан кейін бір жыл өткен соң кәсіподақ ұйымы құрылып, бүгінгі күнге дейін табысты жұмыс істеп келеді. Құрылған жылы кәсіподақ құрамында небәрі 50 адам болса, қазіргі таңда кәсіподақ мүшелерінің саны 1700-ден асты.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кәсіподақ ұйымы

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» — ерікті, өзін-өзі басқаратын ұйым, ұлтқа, тілге, саяси және діни көзқарастарға қарамастан қызметкерлерді біріктіреді. Кәсіподақ қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жарғысына және материалдық көмек көрсету ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ұйым жұмысының негізгі қағидаттары — еріктілік, теңдік, заңдылық, белсенділік және ашықтық.

Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары:

  • Еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету: жұмыс орындарын аттестациялау, еңбекақы мен нормалау, еңбек қорғау шаралары.
  • Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық шарт жасасу.
  • Өндірістік қызметке қатысты кәсіподақ мүшелерінің өтініштерін қарау және еңбек дауларын шешуге қатысу.

Университет әкімшілігімен бірлесіп, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын және мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді: фитнес залы, жүзу бассейні, демалыс аймағы жұмыс істейді.

Әлеуметтік бастамалар

Ректор Марат Шорановтың бастамасымен 2024 жылғы сәуірден бастап кәсіподақта 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге келесі шипажайларға тегін жолдамалар берілді:

  • «Сарыағаш» — 20 жолдама
  • «Қазақстан» — 28 жолдама
  • «Текелі» — 11 жолдама
  • «Аққайың» — 26 жолдама

Мерекелік күндерге орай «Көктем» шипажайына 19 жолдама бөлінді. 2024 жылы бұл бағдарламалар аясында 104 адам демалып қайтты, ал күзгі кезеңге жолдамалар алдын ала брондалды.

Кәсіподақтың материалдық көмек көрсету ережесіне сәйкес, шипажай жолдамалары 3 жылда бір рет 30 000–60 000 теңге аралығында төленеді. 2024 жылы 61 кәсіподақ мүшесі, ал 2025 жылы 10 қызметкер шипажай жолдамасына материалдық көмек алды.

2024 жылы фитнес, бассейн және демалыс аймағына 42 кәсіподақ мүшесі қатысса, 2025 жылы — 7 адам қатысты.

Қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық

Кәсіподақ толық емес отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетеді. 2024 жылы 84 бірінші сынып оқушысына жаңа оқу жылына дайындық жасалып, «Тілашар» мерекесі ұйымдастырылды. Балаларға сыйлықтар табысталып, фотобаннер әзірленді.

Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді:
70 қызметкерге емделу үшін материалдық көмек көрсетілді, 32 адам ПМСП орталығында медициналық тексеруден өтті.
50–60 жас аралығындағы 124 мерейтой иесіне 50 000–60 000 теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 1300 әйелге жеке сыйлықтар тапсырылды.
42 үздік қызметкерге Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар берілді, 5 әйелге «Көктем» шипажайына жолдама табысталды.

18 сәуірде Наурыз мейрамына арналған үлкен мереке ұйымдастырылды: наурыз көже, палау, бауырсақ, шұбат пен қымыз таратылып, байқаулар жеңімпаздарына тұрмыстық техника, ұлттық әшекейлер, ыдыс-аяқ, суреттер, шапандар мен камзолдар сыйға тартылды.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай 400 ер азаматқа жеке сыйлықтар берілді.
9 мамыр — Жеңіс күніне орай жауынгер ботқасымен дәм тату және мемориалға гүл себет қою рәсімі өтті. ҰОС ардагеріне үйіне барып 100 000 теңге көлемінде материалдық көмек пен азық-түлік себеті тапсырылды.

Есепте тұрғандар:

  • Тыл еңбеккерлері — 24
  • ҰОС-на теңестірілгендер — 3
  • Ауған соғысы ардагерлері — 8
    Барлығына 20 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мейірбикелер күніне орай 220 мейірбике, зертханашы, ЛФК нұсқаушысы жеке сыйлықтар алды.
Медицина қызметкерлері күніне 40 Құрмет грамотасы мен «Алтын алманың» 20 000 теңгелік сертификаттары берілді, 5 адамға «Көктем» шипажайына жолдама табысталды. Қазақ эстрадасының әртістері қатысқан мерекелік концерт өтті, марапатталғандарға гүл шоқтары ұсынылды.

Ай сайын Димаш Құдайберген, «Махаббат әлемі» концерттері мен М.Әуезов театры, Корей театры сияқты мәдени шараларға билеттер сатып алынады. ОПҚ арасында спорттық-сауықтыру белсенділіктері қолдау табуда.

Ардагерлерге қолдау көрсету

Алматы қаласы Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің қолдауымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ардагерлер кеңесі ұйымдастырылды.

Кәсіподақтың Атқару комитеті университеттің барлық іс-шараларына белсене қатысады. Ардагерлерге ерекше көңіл 9 Мамыр — Жеңіс күні мен Қарттар күніне аударылады. Тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы ардагерлері және басқа да санаттарға тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіліп, мерекелік дастархандар ұйымдастырылады.

Кәсіподақ университет әкімшілігімен бірге ұжымдық шарт жасап, жеке еңбек дауларын қарау бойынша татуласу комиссиясы мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңес құрды.

Байланыс деректері:
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 5-ғимарат, 104, 106-кабинеттер

Төраға, Медицина ғылымдарының докторы, Г. И. Сальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасының профессоры

Алтынбеков Сағат Әбілқайырұлы

Кәсіподақ жаңалықтары