Ғылыми-технологиялық парк (бұдан әрі –Технопарк) Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Технопарктің негізгі мақсаты: Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру
Технопарктің міндеттері:
- Технопарк базасында медициналық ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген қазақстандық және халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулерінің заманауи бағыттарына сәйкес оқу және ғылыми-зерттеу процестері үшін орталықтандырылған заманауи, жоғары технологиялық материалдық-техникалық база құру;
- Университеттің ғылыми әлеуетін, сондай-ақ Университеттің материалдық-техникалық базасы мен кадрлық ресурстарын пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Студенттер мен оқытушыларды нақты ғылыми-өндірістік процестерге белсенді тарту арқылы студенттерді практикаға бағытталған оқыту үшін қажетті жағдай жасау;
- Тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімдерімен ынтымақтастықта көмек көрсету;
- Денсаулық сақтаудағы инновациялық қызметті дамыту: эксперименттік жағдайларда инновациялық диагностикалық және емдеу технологияларын әзірлеу, ғылыми негіздеу және енгізу, жұмыстың прогрессивті нысандарын, жаңа әдістер мен зерттеулерді аналитикалық дәлдікпен және диагностикалық сенімділікпен енгізу;
- Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің (ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру) және мамандардың әртүрлі деңгейдегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуы арқылы олардың ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру;
- Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу, ғалымдар мен стартап құрылтайшыларына идеяларды инновациялық өнімдер мен қызметтерге айналдыруда көмек көрсету;
- Инновацияларды ынталандыру және экономикалық дамуды ынталандыру арқылы академиялық орта мен өнеркәсіп арасындағы технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
- Университеттің ғылыми гранттар бойынша республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту;
- Сапа менеджменті жүйесінің, университеттің сапа саясатының және сапа саласындағы университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, Қазақстан Республикасының ішкі тәртіп ережелері мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.
Ғылыми-технологиялық парктің ұйымдық құрылымы
Ғылыми-технологиялық паркінің басшысы
Фахрадиев Ильдар Рафисович
Телефон: 8(727)338-70-73 (ішкі.73-88)
Email: [email protected]
Ғылыми-технологиялық парк басшысының орынбасары
Ибраева Анель Шамильевна
Телефон: 8(727)338-70-73 (ішкі.77-13)
Email: [email protected]