С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да студенттерді мансаптық қолдау көрсету – университет жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттерге жедел және сапалы көмек көрсету мақсатында университетте күн сайын мансаптық кеңес беру сессиялары ұйымдастырылады.
Мансаптық консультациялар Студенттерге қызмет көрсету орталығының базасында өткізіледі. Орталық мамандары студенттерге келесі мәселелер бойынша қолдау көрсетеді:
• мансаптық траекторияны қалыптастыру;
• сұхбаттасуға және жұмысқа орналасуға дайындық;
• түйіндеме (CV) және кепілдік хаттарды рәсімдеу;
• грантты өтеу орнының таңдауы, міндетті өтелуден босату мәселелері;
• бітірушілерді бөлу рәсімдерін түсіндіру.
Әрбір студент Студенттерге қызмет көрсету орталығына жұмыс уақытында өзіне ыңғайлы уақытта консультация ала алады. Қызметкерлер студенттердің әрбір сұрағына жеке назар аудара отырып, күн сайын жеке консультациялар жүргізеді.
Келесі санаттағы білім алушыларға кеңес беру шаралары қолжетімді:
• бітіруші курс студенттері,
• интерндер,
• резиденттер және түлектер.
Барлығы «Битрикс-24» ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Бұл жүйе:
• процестің ашықтығын,
• өтініштердің есепке алынуын,
• сұраныстардың жедел өңделуін,
• білім алушылардың қажеттіліктерін талдауды қамтамасыз етеді.
Бұл өз кезегінде Орталыққа қосымша тренингтер, вебинарлар және жұмысқа орналастыру іс-шараларын уақытылы жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кеңес беру сессияларының мақсаты
Негізгі міндет — студенттердің болашақ кәсіби қызметіне тиімді дайындалуына көмектесу, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оқу кезеңінің барлық сатыларында жан-жақты мансаптық қолдау көрсету.










Leave A Comment