ҚазҰМУ Хабаршысы

Құрметті әріптестер!

«ҚазҰМУ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналы барлық қызығушылық танытқан зерттеушілер мен іс тәжәрибедегі мамандарды бірлесіп жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстарын жариялауға шақырады.

Журнал биомедицина саласындағы клиникалық, теориялық пәндер, сондай-ақ оқыту саласындағы инновациялық технологиялар бойынша ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындарының ғалымдары және жеке тұлғалық зерттеулер жүргізетін азаматтардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялайды. «ҚазҰМУ хабаршысы» журналы білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медицинадағы өзекті мәселелер мен жаңа жетістіктерді талқылауға арналған алаң болып табылады.

Қосымша ақпараттар алу үшін және материалдарды жіберу үшін https://vestnik.kaznmu.edu.kz веб-сайтына кіріңіз немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы редакцияға хабарласыңыз..