С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы өз мүшелерінің әл-ауқаты мен денсаулығына ерекше назар аударады. 2025 жылы университеттің көпжылдық белсенді кәсіподақ мүшелері Қазақстанның танымал шипажайларында – «Текелі», «Сарыағаш» және «Ақ қайың» – толыққанды демалыс пен емделуге сертификаттар алды.
Емдік бағдарламалардың бірегейлігі арқасында қызметкерлеріміз келесі бағыттар бойынша денсаулығын нығайту мүмкіндігіне ие болды:
- тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеу;
- тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін нығайту;
- жүйке жүйесін қалпына келтіру және жалпы тонусты арттыру.
Бағдарламаға қатысушылар медициналық қызметтердің жоғары деңгейін және жайлы жағдайларды ерекше атап өтті. Өз пікірлерінде олар кәсіподаққа алғыстарын білдіруде: «Кәсіподақтың қолдауы арқасында біз денсаулығымызды нығайтып, демалысымызды тамаша өткіздік. Көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін рахмет!»
ҚазҰМУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы университет қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және әрдайым сенімді тірек болуға дайынбыз.






