ҚазҰМУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен еңбек өтілі 10, 20, 30 жылды құрайтын қызметкерлеріміз Сарыағаш, Қазақстан, Аққайың және Текелі шипажайларында тегін демалып, бой жазып қайтты!
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін әріптестерімізге шынайы алғыс білдіреміз.
Сіздердің еңбектеріңіз — университетіміздің дамуына қосылған зор үлес!
Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі істерді жалғастыра береді.