Әкімшілік департаменті

Департаменттің негізгі мақсаттары құжаттармен жұмыс істеуде бірыңғай құжат айналымы жүйесі мен цифрлық технологияларды қолданудың негізінде Университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласындағы тарихи мұраларды сақтау, жастарды отансүйгіштік және отандық медицинаның жетістіктері үшін мақтаныш рухында тәрбиелеу болып табылады.

Департаменттің міндеттері:

  • Университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын, Университет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жазбаша өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • Университеттің жоғары басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын үйлестіру және ұйымдастыру;
  • Электронды құжат айналымы және мұрағатқа беру үшін құжаттарды дайындау жұмысын ұйымдастыру;
  • Университет мұрағатында сақталатын құжаттардың сақталуын, есепке алынуын, сақтауға қабылдануын, құндылығы мен пайдаланылуына сараптауды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік мұрағат» РММ-не тұрақты сақтауға уақтылы беру;
  • Университеттің өзінде де, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде де іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласында әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;
  • Сапа менеджменті жүйесінің, Университеттің сапа саласындағы саясатының және Университеттің сапа саласындағы басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігіндегі талаптарын сақтау.

Департамент атқаратын қызметтер:

  • Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру, Университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі құжат айналымының жай-күйін талдау мен бақылауды жүзеге асыру;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің Университет жүйесінде құжаттау және құжаттамаларды басқару ережелерінің талаптарын сақтауын есепке алу мен талдауды жүзеге асыру;
  • Университет мұрағатын қалыптастыру және жүргізу;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасай отырып, Университет істерінің номенклатурасын жасау;
  • Істердің тізімдемесін жасауды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуді, істерді мұрағатқа қабылдауды, мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруды, мұрағатта істердің қозғалысын есепке алуды жүргізуді, сақтау мерзімі өткен істердің құжаттарын жоюға бөлу туралы актілер жасауды қамтамасыз ету;
  • Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын, Университет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын мониторингілеу мен бақылауды жүзеге асыру;
  • Университет басшылығының азаматтарды қабылдауының жыл сайынғы кестесін әзірлеу;
  • Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін Университет басшылығының жеке қабылдауына жазу;
  • Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерін есепке алуды қамтамасыз ету.

Департаменттің құрылымы

  • Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
  • Архив
  • Музей
  • Секретариат

Департаменттің құрамы

Әкімшілік департаментінің басшысы

Аширбаева Шынар Муратовна

Телефон: (ішкі.7757)

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Бөлім басшысы: Ердаулетқызы Лаззат
Телефон:
Е-mail: [email protected]
Мекенжайы: Төле би к-сі, 94 үй, 1-корпус, 1-қабат, 107-кабинет


Бөлім маманы: Гаипова Динара Мухтарқызы
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 71-49
Е-mail: [email protected]


Бөлім маманы: Бақыт Жазира Нұрланқызы
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-75
Е-mail: [email protected]


Бөлім маманы: Сейдулдаева Айжан Нышановна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-76
Е-mail: [email protected]


Бөлім маманы: Макижанова Панаркул Темиртаевна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 71-51
Е-mail: [email protected]


Архив

Мекенжайы: Төле би к-сі, 94 үй, 1-корпус, 1-қабат, 138-кабинет
Меңгерушісі: Ховрич Надежда Андреевна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-73
Е-mail: [email protected];


Маман: Жумагулова Дидар Буралкина
Телефоны: 8 727 338-70-30 (ішкі нөм: 7373);
Е-mail: [email protected];


Түптеуші: Кайынбаева Гаухар Сулейменовна
Телефоны: 8 727 338-70-30 ішкі нөм: 73-73


Музей

Мекенжайы: Төле би к-сі, 94 үй, 1-корпус, 1-қабат, 117-кабинет
Музей басшысы: Амантаев Баканай Амантаевич
Телефоны: 8 727 338-70-90 ішкі нөм: 75-87


Бас суретші – реставратор: Сагимбаева Кульназира Сыздыкова
Телефоны: 8 727 338-70-90 ішкі нөм: 73-69


Музейдің бас қорғаушысы: Байтуленова Фатима Танатовна
Телефоны: 8 727 338-70-90 ішкі нөм: 73-69