Түлектердің мансап орталығының миссиясы
Түлектердің мансап орталығы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ миссиясын қолдайды, алға жылжытады, түлектердің тиімді жұмысқа орналасуына және олардың еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.
Орталықтың қызметі:
- Университет студенттері мен түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоспарланған іс-шаралар арқылы жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру.
- Университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа қабылдау және желілік іс-шаралар арқылы байланыс орнату.
- Түлектердің өзін-өзі таныстыру дағдыларына үйрету (түйіндеме жазу ережелері, сұхбаттасу кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері)
- Студенттердің жеке дағдыларын көрсетуге, әлеуеті және кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыруға ықпал ету.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы
Соңғы үш жылда ҚазҰМУ түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр.
- 2021 жылы – жұмыспен қамту деңгейі 99,5% құрады.
- 2022 жылы – жұмыспен қамту деңгейі 99,0% құрады.
- 2023 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 99% құрады.
2023 жылғы түлектердің жалпы саны 2560 болса, оның ішінде 1793 түлек білім беру гранты негізінде білім алды.
Орталық 2023 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында түлек туралы ақпарат жинау бойынша жұмыс жүргізді (жұмыс орындарынан және оқу орындарынан анықтамалар мен бұйрықтар алынды).
2023-2024 оқу жылында күтілетін түлектердің жалпы саны – 2958. Оқу бағдарламалары бойынша күтілетін бітірушілер саны:
- Бакалавриат-1124
- Интернатура-1109
- Резидентура-568
- Магистратура-131
- Докторантура-26
Барлығы -2958
Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар грант бойынша оқитын студенттер саны:
- Резидентура-149
- Бакалавриат-1
Оның ішінде мемлекеттік грант негізінде оқитын студенттер саны:
- Бакалавриат-468
- Интернатура-677
- Резидентура-364
- Магистратура-72
- Докторантура-25
Оның ішінде ауылдық квота бойынша оқитын студенттер саны:
- Бакалавриат-11
- Интернатура-121
Жалпы грант – 1738 бірлік.
Орталық басшысы
Косалиев Алмат Ераливич
Байланыс: вн:75-31
Email: [email protected], [email protected]
Түлектердің мансап орталығы қызметкерлері туралы ақпарат:
Бас маман — Кашаганова Жамила Тугелбаевна
Байланыс: 338-70-90(71-01)
Email: [email protected], [email protected]
Бас маман — Абжанова Кулимхан Курмантаевна
Байланыс: 338-70-90(75-32)
Email: [email protected], [email protected]
Маман — Есімбекова Перизат Мұратбекқызы
Байланыс: 338-70-90(75-32)
Email: [email protected], [email protected]
Маман — Сулейманова Джамиля Исабалыевна
Байланыс: 338-70-90(71-01)
Email: [email protected], [email protected]