Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі элементі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып табылады.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Бұл талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға және зерделеуге бағытталған.
«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ қызметінде 2026 жылы 13.05.2026-дан 13.06.2026-ға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда, бұл Ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүзеге асырылады. Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, келесі байланыс арналары арқылы хабарласуыңызға болады:
-
- телефон: +7 (727) 338-70-90 (ішкі.7088);
- электрондық пошта: [email protected]
- ұялы телефон (соның ішінде WhatsApp):: +7 (708) 984-64-45






