2023 жылдың 1 ақпан күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-нің филиалы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде (Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы, Жетіген көшесі 462 үй) «Қазақ» газетінің 110 жыл толуына арналған «Алаштың ұлттық мінбері!» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Жиынды музейдің ғылыми қызметкері профессор Ғ. Әнес ашып, жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстелге қатысқан ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Х.Әбжанов, облыстық «Алатау айнасы» газетінің бас редакторы Қ. Құныпияұлы, «Талғар» аудандық газетінің бас редакторы С.Құрмантаева, «Іле таңы» аудандық газетінің тілшісі Б.Чойбасов, Талғар аудандық мәдениет, тіл, спорт, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф.М.Бегенбаева, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша департамент қызметкерлері мен студенттері пікірлерін ортаға салып қайтты.
1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгерген Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газеті ұлттық идеяның шырақшысы мен азаттық рухының қоңырауына айналды. «Қазақ» газеті халық алдындағы өз мақсатын орындады. Қазақтың бағына туған «Қазақ» газеті ұлт рухын асқақтатқан басылым.
Leave A Comment