2024 жылдың 10-11 маусымы аралығында Грецияда Салоникидегі Аристотель университетінде, Аристотель университетінің Медицина мектебі мен Ноттингем университетінің денсаулық ғылымдары мектебі ұйымдастырған MEI 2024 конференциясы, өтті. Конференция медициналық білім, технология және жасанды интеллект салаларындағы зерттеушілердің басын қосты. ҚазҰМУ «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының өкілдері Юсупов Рустам Рахимович, Багиярова Фатима, Баджес Алма және Мадалиева Санам баяндама жасап, жүлделі орындарға ие болды: үздік баяндама үшін 3 орын – Баджес Алма; үздік реферат үшін 2 орын – Санам Мадалиева мен Фатима Багиярова.