KazNMU Manuscript Lab

KazNMU Manuscript Lab – ғылыми жарияланымдарды дайындау барысында университет қызметкерлеріне, зерттеушілерге, магистранттар мен докторанттарға әдістемелік қолдау көрсетуге арналған цифрлық платформа. Платформа зерттеу дизайнын ескере отырып, қолжазбаның құрылымын ғылыми зерттеулер нәтижелерін ұсынудың халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастыруға көмектеседі.

Пайдаланушы зерттеу түрін таңдап, мақаланың негізгі бөлімдерінің мазмұны бойынша тиісті ұсынымдарды, міндетті элементтердің тізбесін, практикалық кеңестерді, бақылау чек-парағын және Word форматындағы редакцияланатын құжат үлгісін ала алады. Платформа ғылыми жұмыстардың негізгі түрлерін, соның ішінде түпнұсқалық зерттеулерді, когорттық және көлденең зерттеулерді, жағдай-бақылау зерттеулерін, рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді және клиникалық зерттеу хаттамаларын қамтиды.

KazNMU Manuscript Lab платформасын пайдалану ғылыми қолжазбаларды дайындау сапасын арттыруға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға қойылатын халықаралық талаптарды сақтауға және материалдарды рецензияланатын ғылыми басылымдарға ұсынуға неғұрлым тиімді дайындауға ықпал етеді.