2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫ оқуға қабылдау тәртібі
(оқыту тілі – қазақ немесе орыс)
I.Құжаттарды тапсыру
- Университетке жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар шетел азаматтары қабылданады.
- Оқуға түсу үшін талапкер 29 шілде мен 16 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өзі тапсыруы қажет:
- өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады);
- төлқұжат, төлқұжаттың көшірмесі. Ұлттық төлқұжаттың жарамдылық мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап кемінде 2 жыл болуы керек. Төлқұжат тексергеннен кейін қайтарылады.
- білімі туралы құжат (түпнұсқа) қосымшасымен/транскриптімен (түпнұсқа). Білімі туралы құжат (түпнұсқа) апостильдендірілген болуы тиіс;
- төлқұжат, білімі туралы құжат және қосымшасының/транскрипттің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармалары. Аудармаларды куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жүзеге асырады;
- 3×4 өлшемді 2 фотосурет (түрлі-түсті, мерзімі алты айдан аспау керек);
- таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын тұрғылықты елінен медициналық анықтама, нарколог пен психиатрдың қорытындысы;
- Қазақстан Республикасында алынған 075/у нысанындағы медициналық анықтама, флюорографиялық фотосурет;
- Профилактикалық егу картасының көшірмесі;
- соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растайтын құжат;
- төлем қабілеттілігін растау үшін ағымдағы банк шотының жай-күйі туралы анықтама. Анықтама конкурстық іріктеуден сәтті өткеннен кейін білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасау кезде тапсырылады. Анықтаманың қолдану мерзімі шарт жасасу кезінде 5 жұмыс күнінен аспауы керек. Анықтамада бір жыл оқу ақысы және студенттік жатақханада тұру үшін төлем ақысынан кем емес сома көрсетіледі. Иммигранттың ағымдағы шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, білім беру ұйымы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға қолданылмайды.
Толық емес құжаттар пакетін қабылдау комиссиясы қарастырмайды. Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясы қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
II.Әңгімелесу
- Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әңгімелесу кезінде талапкер жалпы білімін, өмірлік тәжірибесін, сенімі мен жетістіктерін, өмірлік ұстанымы мен дүниетанымын көрсетуі тиіс.
- Әңгімелесу кезеңі – 19-21 тамыз. Әңгімелесу кестесі (күні, уақыты, орны) қабылдау комиссиясының ақпараттық тақталарында және университет сайтында орналастырылады.
Біздің сайттағы соңғы ақпаратты қадағалауыңызды сұраймыз! сайтқа өту
- Талапкерді әңгімелесуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
- Әңгімелесу өтініш берушінің оқу тілінде жүргізіледі.
Сұхбат тақырыптарының үлгісі:
- Болашақтың медицинасын қалай елестетесіз?
- Жақсы дәрігер болу үшін не қажет?
- Сіздің өміріңізде мамандық таңдауыңызға не әсер етті?
- Адам өміріне, өлімге, ауруға деген ұстанымыңыз бен көзқарасыңыз.
III.Іріктеу
- Университетке түсу үшін шетел азаматтары әңгімелесу нәтижелері бойынша мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 60 балл жинауы керек.
- Шетелдік азаматтарды іріктеу әрбір оқу бағдарламасы мен тіл бөлімдері бойынша жүргізіледі.
- Қабылдау комиссиясы шетелдік азаматтарды іріктеу нәтижелері туралы ол өткізілетін күні хабардар етеді.
IV.Университетке қабылдау
- Конкурстық іріктеуден сәтті өткеннен кейін оқуға түсу үшін оқуға түсуші мен Университет арасында білім беру қызметтерін көрсетуге келісім- шарт (бұдан әрі – Келісім-шарт) жасалады және оқу ақысын төленеді. Егер оқуға түсуші 18 жасқа толмаған болса, шартты оның заңды өкілі жасайды.
- Шетел азаматтарын студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық іріктеу нәтижелері, Университетпен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған келісім-шарт және төленген төлем негізінде 25 тамызға дейін шығарылады. Сұхбатты онлайн режимінде өткізуге болады.
- Шақыру және виза беруді университеттің шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөлімі оқуға қабылдау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін жүзеге асырады.
- Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Қабылдау комиссиясының байланыстары
Мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай көшесі № 151, Масанчи көшесінің қиылысы
Тел.: 8 (727) 338-70-27 (көпканалды)
Сайт: www.kaznmu.edu.kz
Е-mail: [email protected]