Медицина және қоғамдық денсаулық орталығы (МҚДО)– өз өз құрамында Life Sciences зертханасына ие, Университеттің ғылыми-технологиялық паркіне тікелей бағынатын Б.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтына (Б.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ) тікелей бағынады.
МҚДО негізгі мақсаты – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін кешенді ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары және клиникаға дейінгі және клиникалық тәжірибеде жетістіктерді практикалық қолдану арқылы медицина және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу.
Задачи и функции ЦМиОЗ:
- Студенттерді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және дәрігердің практикалық қызметі жағдайында қарапайым практикалық дағдыларды меңгеруге үйрету;
- Жас ғалымдар мен студенттерді медицинада эксперименттік зерттеулер жүргізу бойынша оқытуды және кеңес беруді ұйымдастыру;
- Тәжірибелік жағдайларда инновациялық технологияларды әзірлеу, ғылыми негіздеу және енгізу;
- Студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту;
- Орталық қызметкерлерінің республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларды іске асыруға қатысуы;
- Медицина және денсаулық сақтау саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- Өз саласында халықаралық және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту;
- Медицина және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын құруға және іске асыруға қатысу;
- Студенттік, магистрлік және докторлық ғылыми зерттеулер жүргізу, білім алушылардың Life Sciences зертханасы базасында ғылым мен клиникада қолданылатын жаңа зертханалық әдістерді игеруі үшін жағдайлар жасау;
- Студенттерде операциялық және клиникалық дағдыларды қалыптастыру;
- МҚДО базасында университеттің кафедралары мен басқа оқу бөлімшелері жүзеге асыратын практикалық дағдыларға байланысты оқу процесін ұйымдастыру;
- Арнайы құрал-жабдықтар мен зертханалық жануарларды пайдалана отырып, хирургиялық процедуралар мен дағдыларды меңгеру;
- Халықтың денсаулығы, жаңа медициналық технологиялар мен емдеу әдістері туралы дәлелді ақпаратты қалың жұртшылыққа ұсыну;
- Life Sciences зертханасы базасында ЖММ1 кафедраларының, сондай-ақ олардың әріптестерінің ғылыми-техникалық жобаларының іргелі және қолданбалы міндеттерін орындауды техникалық сүйемелдеу.
МҚДО қызметкерлері:
Бас ғылыми қызметкер – Маемеров Мелес Макешович
E-mail: [email protected]
Ғылыми қызметкер – Күлімбет Мұхтар Болатұлы
E-mail: [email protected]
Ғылыми қызметкер – Жұмағалиұлы Абзал
E-mail: [email protected]
Кіші ғылыми қызметкер(қосымша жұмыс ретінде) – Фазылов Тимур Ринатович
E-mail: [email protected]
Кіші ғылыми қызметкер(қосымша жұмыс ретінде) – Айтбеков Бекежан Канатович
E-mail: [email protected]
Кіші ғылыми қызметкер(қосымша жұмыс ретінде) – Исабаев Альдос Досмухамбетович
E-mail: [email protected]
Медбике– Муратова Катиша Аташовна
E-mail: [email protected]
Аға лаборант (қосымша жұмыс ретінде) – Курманбаева Айгерим
E-mail: [email protected]
Кіші ғылыми қызметкер– Шахтай Нурай
E-mail: [email protected]