Бакалавриат

Біздің университеттің құрылғанына 90 жылдан асты және қызықты әрі күрделі тарихы бар. ҚазҰМУ талай белестерді басынан өткерді және бүгінде студенттерге жаңа көкжиектер ашу үшін дәстүрлер мен инновацияларды тиімді үйлестіруде.

Жыл сайын мыңдаған мектеп оқушылары ҚазҰМУ-да өздерінің жарқын студенттік мансабын бастайды.
Бізге қосылыңыздар!

Міне, біз өскенде кім болғымыз келетінін түсіндік

ҚазҰМУ-де студенттер өздерін көрсетеді және жүзеге асырады, жеке және кәсіби өседі. Жарқын студенттер мен табысты мансап ҚазҰМУ түсуден басталады.

Қабылдау кезеңдері

Document
  • I кезең - ҰБТ
    ҚР ҒжЖБМ ҰБТО сайтында тіркелу (app.testcenter.kz)
    5 пән бойынша тестілеу
    Шекті балл: - ұлттық ЖЖОКБҰ – 65 балл;
    - «Денсаулық сақтау» – 70 балл;
    Қазақстан тарихы, бейіндік пәндер - 5 баллдан кем емес,
    Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы – 3 баллдан кем емес.
  • II кезең – Психометриялық емтихан
    Медицина, Стоматология, Педиатрия, Мейірбеке ісі,Медико-профилактикалық іс
    Онлайн-тіркелу және емтихан өткізу 20 маусым –20 тамыз
    Емтихан форматы – тестілеу
    Бағалау - Өтті/ Өтпеді
  • III кезең – Білім беру грантын тағайындау конкурсы
    РБ қаражаты есебінен Құжаттарды қабылдау13 - 20 шілде
    ЖАО қаражаты есебінен (акимат) Құжаттарды қабылдау 5 – 10 тамыз
  • IV кезең – Қабылдау
    РБ мен ЖАО қаражаты есебінен грант тағайындау туралы куәлік негізінде қабылдау 25 тамызға дейін
    Ақылы негізде қабылдау 25 тамызға дейін

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ  талапкерлерге арналған арнаулы  емтиханды өткізу (психометрикалық тестілеу)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығының негізінде «Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына қабылданғысы келетіндер:

  • В084 Мейірбике ісі,
  • ВМ086 Медицина,
  • ВМ087 Стоматология,
  • ВМ088 Педиатрия
  • ВМ089 – Медико-профилактикалық іс

арнаулы емтиханды ескере отырып жүзеге асырылады, оны  Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болады.

Психометрикалық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша өтініш берушіге арнаулы емтихан тапсыратын орнына қарамастан медициналық жоғары оқу орындарына ұсыну үшін рұқсат беру ведомосінен үзінді көшірме беріледі.


Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)

Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.


 Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты негізінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түсу үшін

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Аттестат немесе Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  2. Жеке куәлік + көшірмесі 3 дана;
  3. 6 фотосурет 3 x 4 см;
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтамасының түпнұсқасы (1 дана көшірме) және 066/Е нысаны (2 дана көшірме); флюорография суретінің түпнұсқасы (1 дана көшірме);
  5. Сертификат ҰБТ (ҰТО сайтынан қағазға шығарылған);
  6. Психометрикалық емтиханның нәтижесінен рұқсат беру ведомосынан үзінді;
  7. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік;
  8. Ер балалар үшін әскери тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (1 дана көшірме);
  9. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын құжаттың көшірмесі IELTS 5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және жоғары). (бар болған жағдайда);
  10. Барлық құжаттардың электронды нұсқасын PDF форматта;
  11. Квотаны растайтын құжаттар (мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, қандас, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар)
  12. Абитуриенттің туу туралы куәлігі + көшірмесі – 1 дана;
  13. Ата-анасының және заңды өкілінің жеке куәлігі + 1 көшірмесі;
  14. Егерде абитуриенттің өзі немесе ата-анасы болмаған жағдайда, абитуриенттің ата-анасынан заңды өкілге нотариалды сенім хат болуы керек (1 дана көшірмесі);
  15. Сілтеме бойынша https://kaznmu.hero.study/ HeRo Study Space тіркеуінен өтіп, тіркелгеннен кейін талапкердің сауалнамасын толтырыңыз.

Құжаттар тізімі – грант иегерлері үшін 2024


Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)


Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.

  1. Аттестат немесе Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  2. Жеке куәлік  + көшірмесі 5 дана;
  3. 6 фотосурет  3 x 4 см;
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтамасының түпнұсқасы (1 дана көшірме) және 066/Е нысаны (2 дана көшірме); флюорография суретінің түпнұсқасы (1 дана көшірме);
  5. Сертификат ҰБТ (ҰТО сайтынан қағазға шығарылған);
  6. Психометрикалық емтиханның нәтижесінен рұқсат беру ведомосынан үзінді; (қағазға шығарылған);
  7. Ер балалар үшін әскери тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – 1 дана;
  8. Абитуриенттің туу туралы куәлігі + көшірмесі – 3 дана;
  9. Барлық құжаттардың электронды нұсқасын PDF форматта;
  10. Ата-анасының және заңды өкілінің жеке куәлігі + 3 көшірмесі;
  11. Егерде абитуриенттің өзі немесе ата-анасы болмаған жағдайда, абитуриенттің ата-анасынан заңды өкілге нотариалды сенім хат болуы керек (1 дана көшірмесі);
  12. 12. Ағылшын тілінде оқу үшін қосымша талап – IELTS 5.5 (Upper – Intermediate, B-2, TOEFL PBT – кемінде 453 балл, TOEFL ITP – кемінде 460 балл, TOEFL IBT – кемінде 46 ұпай) баламалы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат болу керек;
  13. Сілтеме бойынша https://kaznmu.hero.study/ HeRo Study Space тіркеуінен өтіп, тіркелгеннен кейін талапкердің сауалнамасын толтырыңыз.

Құжаттар тізімі – ақылы бөлім 2024


Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)


 Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.

 

Қабылдау комиссиясының байланыстары

Мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай көшесі № 151, Масанчи көшесінің қиылысы

Тел.:
8 (727) 338-70-27 (көпканалды)
Сайт: www.kaznmu.edu.kz
Е-mail: [email protected]