Студенттік ғылыми қоғам

Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) – студенттердің ғылыми қызметін дамыту, қолдау және ынталандыру мақсатында Университет студенттерін ерікті негізде біріктіретін жастар ұйымы.
Өз қызметінде СҒҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен келіседі және теңқұқылық, өзін-өзі басқару және заңдылық қағидаттарына негізделеді.

Мақсаты

СҒҚ қызметінің негізгі мақсаты – Университет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту және оның жоғары тиімділікке қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  • Ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, конкурстар және басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Университет студенттерінің халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, семинарларға, ғылыми форумдарға және съездерге қатысуына жәрдемдесу;
  • Студенттер арасында ғылыми және қоғамдық қызметті насихаттау және танымал ету;
  • Университет мектептері мен факультеттерінің студенттік ғылыми үйірмелерінің (СҒҮ) қызметін үйлестіру;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жәрдемдесетін ақпаратты жинау, жинақтау, жүйелеу және тарату.

Студенттік ғылыми қоғамның
ұйымдастыру құрылымы

2023-2024 оқу жылының студенттік Ғылыми қоғамының құрамы:

  • Төраға – Фатима Аханова, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
  • Ұйымдастыру жұмыстары бойынша төраға орынбасары – Яна-София Карпинская, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
  • Корпоративтік даму бойынша төраға орынбасары – Динара Атажанова, 3 курс студенті, Жалпы медицина мектебі
  • Ғылыми координатор – Айым Бақытханова, 3 курс студенті, Фармация мектебі
  • Ақпараттық топ жетекшісі – Шынар Амангелді, 2 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті
  • Сыртқы ынтымақтастық тобының жетекшісі – Айгерім Нұғман, 3 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті
  • Хатшы – Аружан Құрманғали, 3 курс студенті, Халықаралық медицина факультеті

Құрметті студенттер, СҒҚ есіктері Сіздер үшін әрқашан ашық!

Студенттік ғылыми қоғамның мүшесі болу арқылы сіз не аласыз:

  • Ғылыми конференцияларға, форумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысу
  • Университетімізді халықаралық және арауниверситеттік ғылыми іс-шараларда таныту мүмкіндігі
  • Сіздің ғылыми жобаларыңызды жүзеге асыруда қолдау мен көмек
  • Заманауи ғылыми ақпарат пен жарияланымдарға қолжетімділік
  • Университеттің және елдің жетекші ғалымдарымен және пікірлестермен қарым-қатынас

Бізге қалай қосылуға болады:

  1. Жыл сайын біз өтініш бере алатын Google формасын жасаймыз
  2. Екі күн ішінде ашық қарым-қатынас түрінде офлайн сұхбат жүргізіледі, онда сіз қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз
  3. Сұхбат нәтижелері біздің Instagram парақшамызда жарияланады

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

  • Студенттік ғылыми қоғамның ресми Instagram аккаунты: @sss.kaznmu
  • Динара Атажанова, +77472447489, Instagram: @dinarabooth