Мақсаты
Департаменттің басты мақсаты: бөлімше қызметінің бағыттары бойынша Университеттің даму стратегиясын, миссиясы мен саясатын орындау болып табылады
Департаменттің басты мақсаты (-тары) болып табылады:
- Университетте бекітілген стандарттар мен рәсімдерге сәйкес бөлімшенің орындайтын жұмысы мәселелері бойынша Университеттің басқа бөлімшелерімен және лауазымды тұлғаларымен ақпарат алмасу;
- бекітілген істер номенклатурасына сәйкес бөлімшенің қызметтік құжаттамалары мен хат-хабарларын белгіленген тәртіппен жүргізу, есепке алу, сақтау және мұрағатқа тапсыру;
- бөлімше қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі және сыртқы есептілікті қалыптастыру, келісу және белгіленген тәртіппен бекіту, оны университеттің уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарына, есептілікті алуға уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру;
- университет қызметін әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- Нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік стандарттарға, экологиялық, санитарлық және өзге де арнайы нормаларға сәйкес университеттің жылжымайтын мүлік объектілері тиісінше күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
- университетті материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- университетті көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- университет нысандарында адамдардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;