Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімі

Мақсаты мен міндеттері:

  • университет мектептерін, кафедраларын Университеттің ақпараттық желісі базасында қашықтықтан оқыту үшін технологиялық платформамен қамтамасыз ету;
  • білім беру сапасын арттыру және білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту үшін оқу процесіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу;
  • қашықтықтан оқытудың ақпараттық платформасын сүйемелдеу.
  • қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дамыту;
  • қашықтықтан оқытудың ақпараттық жүйесін енгізу, жаңғырту, сүйемелдеу;
  • қашықтықтан оқыту жүйесінің оқу курстарын әзірлеу және жүргізу бойынша оқытушыларға техникалық, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық ресурстарды толықтыру;
  • қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеу үшін оқытушыларды оқыту бойынша семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
  • қашықтықтан білім беруді дамыту бойынша семинарлар мен конференциялар жұмысына қатысу;
  • бөлім қызметі туралы жыл сайынғы есеп.

Функциялары:

  • қашықтықтан білім беру порталын басқару;
  • ҚББТ жүйесін жаңғырту;
  • қашықтықтан оқыту үшін ақпараттық-білім беру ресурстарын орналастыру, жұмысқа қабілеттілігін қолдау және ақпараттық сүйемелдеу;
  • университет деңгейінде басшылық ету, деректердің бүтіндігін қолдайтын техникалық сүйемелдеу, қашықтан оқыту қолданушыларына кеңес беру және оқыту;
  • университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ҚББТ саласында біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • ЖАОК жүйесін қолдау және басқару;
  • «on-line» және «off-line» режиміндегі білім алушылардың оқу үдерістерінің мониторингі;
  • қашықтықтан оқыту технологиялары үшін ақпараттық ресурстарды қолдану әдістемесін әзірлеу;
  • білім беру қызметтері нарығында ЖАОК жылжыту;
  • қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігі режимін жүзеге асыру;
  • қашықтықтан оқыту жүйесін дамытудың әртүрлі кезеңдерінде автоматтандыру бойынша қажетті бағдарламалық өнімдерді сатып алуға және әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
  • қашықтықтан оқыту медиатека қорын құру және сақтау.

Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімінің басшысы

Сұлтанбай Жансая Мұңайтпасқызы

№2 оқу корпусы, 3 этаж, №303 кабинет

Байланыс: 8(727) 338-79-76, вн. 7776

Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 08.30-18.00