Оқиғалар хронологиясы
1930
Қазақстан тарихындағы алғашқы медициналық жоғарғы оқу орнының ашылуы 10.07.1930 жылғы РСФСР ХКК «1930/1931 жж. РСФСР қарамағындағы жоғарғы оқу орнына қабылдау желісі құрылымы және контингенті» қаулысымен қабылданды. Бұл жарлықта 18 жоғарғы оқу орны көрсетілген және «… Алма-Ата. Медициналық институт. Емдеу-профилактикалық факультет. Қабылдау: 1930/1931 жылдардың қысы-100адам» деген жол бар. Бұл тарихи құжаттың көшірмесі біздің университеттің Тарихи Мұражайында сақтаулы.
Абитуриенттерді қабылдау 1930 жылдың желтоқсан айынан басталып, 1931 жылдың 5 қазанына дейін белсенді жалғасын тапты. Қорытынды тізім бойыншы бірінші курста 289 студент, солардың арасында 30,1%-әйел адамдар, ұлты казақ адам саны– 51,9%, орыс ұлты- 36,7 %, шығыс ұлттарынан — 11,4% құрады. Медициналық институттың ашылған уақытында құрылымында бар жоғы 10 кафедра; штатта 5 профессор, 4 доцент, 15 ассистенттер мен оқытушылар болды.
1931
ҚазММИ директоры (ректоры) қызметінде С.Ж. Асфендияров 1931 жылдың 30 мамырына дейін болды, өйткені сол жылдың 28 мамырдағы ОАК (орталық атқару комитеті) қаулысы негізінде КазССР Халықтық денсаулықсақтау комиссары болып тағайындалды. Медицина институтының екінші директоры болып Қасабулатов Исенғали тағайындалды.
1933
1933 жылдың қараша айында жоо-ның директоры болып Мұхамбетова Харира Мұхамбетовна тағайындалды. Бұл ЖОО тарихындағы алғашқы басшы лауазымындағы жалғыз әйел адам. Ол медициналық институттың директоры қызметінде тек бір жыл болса да, институттың көптеген бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыруда үлкен жұмыс атқарды. Методикалық жұмыспен айналысты, ЖОО-ның үздік лекторы конкурсын ұйымдастырды, оқытушылар құрамының жергілікті халық өкілдері болуын белсенді қадағалады, алғаш рет емтихан нәтижелері бойынша әрбір студенттің орташа баллдарын есептеуді ұсынды. Х.М. Мұхамбетова морфологиялық ғимараттың (қазіргі ректорат) қанатының нөлдік циклінің құрылысын ақыры бастап, құрылыс кестесін белсенді түрде бақылап отырды.
1934
Медициналық институттың студенттерінің саны да біркелкі өсе бастады. 1934 жылы оқу топтарының саны 26 құрады, 1935 жылы -34, ал 1936 жылы -45 болды. Студенттердің ұлттық құрамы да айтарлықтай өзгерді. Егер 1931 жылы алғашқы қабылдауда қазақтардың үлесі — 51,9 %, ал, 1936 жылы жалпы ЖОО бойынша қазақтар бар жоғы 17,6% құрады.
1936
Институт ұжымының өтініші бойынша және алғашқы Қазақстан дәрігерлерінің түлектеріне байланысты Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1936 жылы 22 ақпандағы № 147 Жарлығымен ҚазММИ-не В.А. Молотовтың аты берілді.
1936 жыл. Бұл кезеңдерде медициналық институтта 34 кафедра жұмыс істеді; жалпы педагогтар құрамы 109 адам құрады, соның ішінде 22 профессор болды.
1938
1938 жылы ҚазММИ базасында 75 адамдық педиатриялық факультеттің ашылуы жайлы бұйрық жарияланды. 1938-1941 жылдар аралығында педиатриялық факультеттің алғашқы деканы болып медициналық интитуттың алдыңғы қатарлы педагогтардың бірі, акушерство және гинекология кафедрасының меңгерушісі профессор Малинин Александр Иванович болды.
1941-45
1941 жылы Бас оқу корпусы тек ғимараттың морфологиялық қанатымен ғана ұсынылды. ҰОС басталуымен медициналық институтта барлық демалыстар шұғыл түрде жойылып, оқу бағдарламасы әскери-далалық хирургия курсының сағаттарын кеңейтумен қайта құрылымдалды. Соғыстың алғашқы апталарында-ақ Алма-Атаға эвакуацияланғандар, соның ішінде медицина студенттері де келе бастады. Эвакуацияланған студенттермен бірге 1941-1942 оқу жылында 90-нан астам оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және лаборанттар келді. Нәтижесінде ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны 2-3 есеге артты. Бұл эвакуацияланған оқытушылар құрамы 1943 жылы медицина университетінің базасында дәрігерлерді дайындауға және жаңа санитарлық-гигиеналық факультеттің ашылуына үлкен көмек көрсетті. Жалпы, соғыстың 4 жылында ҚазММИ-да 2000-ға жуық дәрігер дайындалса, олардың 75%-ға дейіні майданға әскери-далалық және тыл госпитальдарында немесе КЕҰ қарамағына аттанды.