Шағым-талап-арыз жұмысы басқармасы

Шағым-талап-арыз жұмысы басқармасының міндеттері:

  • әртүрлі инстанциялардағы соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық дауды шешу кезінде Университеттің мүддесін білдіру
  • мердігерлермен, серіктестермен және Университет ұсынатын қызметтерді тұтынушылармен жанжалды жағдайларды шешу
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, осы шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда мәжбүрлеу шараларын қолдану
  • тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатында Университетке қатысты даулар бойынша талап қою жұмыстарының, сот тәжірибесінің жай-күйіне талдауды ұйымдастыру
  • Университеттің пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану шараларын қабылдау, Университеттің мүдделеріне қатысты заңды күшіне енген сот актілерін орындауға шаралар қабылдау, сот орындаушылармен өзара іс-қимыл жасау, атқарушылық іс жүргізу рәсімдерін жүргізу

Шағым-талап-арыз жұмысы басқармасының негізгі қызметі мен функциялары:

  • сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда белгіленген тәртіппен Университеттің мүдделерін білдіру
  • талап қою жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау, талап арыздарды беру және қарау бойынша жұмыстың жай-күйін және сот тәжірибесін талдау, басшылыққа анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беру
  • талап қою жұмыстарын ұйымдастыру және басқару
  • шарттарды (келісімшарттарды) жасау, Университет үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша шарттарды келісу жұмыстарына қатысу
  • осы құжатта көрсетілмеген, бірақ Шағым-талап-арыз жұмысы басқармасының құзыретіне жататын және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен айқындалатын басқа да функциялар

Шағым-талап-арыз жұмысы басқармасының бастығы

Гаитова Марал Аутжановна

Ректорат, 1 этаж, кабинет №108
Телефон: ішкі:73-62

Басқарма құрамы

Заңгер: Богатырева Лидия Башировна
Ректорат, 1 этаж, кабинет №108
Телефон:
Email: [email protected]


Заңгер: Мадихан Мурат Мадиханұлы
Ректорат, 1 этаж, кабинет №108
Телефон: ішкі:7515
Email: [email protected]