Клиникалық Кеңес

Мақсаты:

Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасы өңірлерінің Денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу-диагностикалық қызметтің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларына талдау жүргізу арқылы клиникалық кафедралардың клиникалық қызметіне мониторингті жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • медициналық көмек көрсетуде клиникалық кафедралар мен университеттік клиникалардың профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетін тиімді пайдалануға талдау жүргізу;
  • тиісті ұсыныстар бере отырып, емдеу және білім беру процестерінде ғылым жетістіктерін пайдалануға талдау жүргізу;
  • медицина ғылымының жетістіктеріне сәйкес дәлелді медицинаға негізделген диагностика мен емдеудің жаңа стандарттарын емдеу процесіне енгізуді қарастыру;
  • университет және ҚР басқа да ұйымдары бастамашылық ететін сараптамалық комиссиялардың жұмысында кафедралардың профессор-оқытушылар құрамына көмек көрсету мониторингін жүргізу.

Қызметтері:

  • Алматы қаласы мен өңірлердің денсаулық сақтау ұйымдарымен клиникалық кафедралардың қызметін үйлестіру;
  • кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының, университеттің клиникалық құрылымдарының клиникалық қызметі бойынша нормативтік құжаттарды қарау;
  • Университеттің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесін дамыту мәселелерін қарау;
  • Университеттің клиникалық базаларында кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының емдеу-диагностикалық қызметінің сапасын бағалау;
  • Университетте клиникалық кадрларды даярлау тиімділігін талдау, жүргізілген клиникалық жұмыс туралы жыл сайынғы есептер бойынша ұсынымдық қорытындыларды тыңдау және дайындау;
  • клиникалық жұмыстың дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыру және дамыту шеңберінде университет білім алушыларын клиникалық даярлау мәселелерін қарау;
  • білім беру-клиникалық процестер мен ғылыми зерттеулердің қажеттіліктерін ескере отырып, университет клиникасы мен университеттің еншілес ұйымдарының медициналық көмегінің құрылымы мен көлемін қарау;
  • университет клиникаларын перспективалық дамыту мәселелерін талқылау;
  • Университет қызметкерлерінің практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілген жаңа емдеу-диагностикалық технологиялардың тиімділігін талдау;
  • университет міндеттемелері шеңберінде ҚР ДСМ бекітілген бейіндік қызметтер мен жол карталары бойынша іс-шараларға жетекшілік ету;
  • Университетте және оның еншілес ұйымдарында бар жабдықтардың жай-күйін талдау және оны тиімді пайдалану, сондай-ақ ғылыми және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдық-техникалық базаны дамыту бойынша ұсынымдар дайындау;
  • Университеттің және оның еншілес ұйымдарының клиникалық практикасына енгізу үшін қауіпсіз, клиникалық және экономикалық тиімді медициналық технологияларды іріктеу;
  • қазіргі уақытта Университет тәжірибесінде қолданылатын медициналық технологияларды пайдаланудың орындылығы туралы мәселелерді ықтимал экономикалық тиімсіздігіне немесе клиникалық тиімділік пен қауіпсіздіктің жеткіліксіздігіне нұсқау болған кезде қарау.

2024 жылға Клиникалық Кеңес құрамы

 

Қызметі Аты-жөні
1. Төрағасы Султангазиева Светлана Елеусизовна
2. Төраға орынбасары Калматаева Жанна Амантаевна
  Кеңес мүшелері
3. Клиникалық жұмыс бойынша Департамент жетекшісі м.а. Абдыкерова Меруерт Турдакыновна
4. Дипломнан кейінгі білім беру деканы Баймаханов Абылай Ниятович
5. №2 жалпы медицина мектебі деканы Шопаева Гульжан Амангельдиевна
6. «Визуалды диагностика» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, профессор Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна
7. «Клиникалық генетика курсымен акушерлік және гинекология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, профессор Исенова Сауле Шайкеновна
8. «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Каниев Шокан Ахмедбекович

 

9. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Ерекешов Асылжан Абубакирович
10. «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Кайбуллаева Джамиля

Актановна

11. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма Төрағасының клиникалық қызмет жөніндегі орынбасары Онгарбаев Бахытжан Толегенович
12. «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының клиникалық қызмет жөніндегі орынбасары Аимбетова Алия Робертовна