Осы ұлы мерекелерге орай, ҚазҰМУ кәсіподағы біздің болашағымыз үшін үлкен үлес қосқан жандарға алғысын білдірді:
- 1 Ұлы Отан соғысының қатысушысы,
- 3 Ұлы Отан соғысына теңестірілген қатысушы,
- 8 Ауған соғысының ардагері,
- 25 тыл еңбеккері.
Олардың әрқайсысына ерлігі мен еңбегі үшін ақшалай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 370 ер адамға 7 мамырға арналған жеке сыйлықтар табысталды.
Сіздердің батырлықтарыңыз бен еңбектеріңіз әрдайым жадымызда!



