Қазақ ұлттық медицина университетінің жергілікті кәсіподақ ұйымы атынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай университетіміздің құрметті ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысқан Зұлқарнай Сейітовті арнайы құттықтадық.
Зұлқарнай Сейітов – 102 жастағы батыр ардагеріміз. Сұрапыл соғыста ел үшін аянбай ерлік көрсетіп, жеңістің туын желбіретуге өлшеусіз үлес қосты. Соғыс жылдарынан кейінгі бейбіт өмірде ол Қазақ ұлттық медицина университетінде Биохимия кафедрасында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарды. Жас ұрпаққа білім мен ғылым саласында үлгі көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Ардагерімізді құттықтау мақсатында университетіміздің ректоры Марат Едігеұлы, проректор Убайдилла Датхаев және Кәсіподақ төрағасы Сағат Әбілқайырұлы ардагердің үйіне барып, оған гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстады.
Зұлқарнай Сейітов – біздің мақтанышымыз, ерліктің және рухтың шынайы үлгісі. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру үшін оның ерлік жолын еске алып, құрмет көрсету – біздің парызымыз.
Құрметпен, ҚазҰМУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы







