8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында университеттің кәсіподақ ұйымы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, барлық құрылымдық бөлімшеде еңбек ететін 1400-ден астам әйел қызметкерді құттықтады.

Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін ұжымның нәзік жанды өкілдеріне алғыс белгісі ретінде пайдалы сыйлықтар табысталды.

Ерекше құрметке ие болған 55 қызметкер Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың іске деген адалдығы, жауапкершілігі мен университеттің ортақ дамуына қосқан үлесі әріптестер мен жас мамандар үшін үлгі болып табылады.

Мерекелік көңіл-күй, жүрекжарды алғыс сөздер мен шынайы тілектер ұжымда ерекше атмосфера қалыптастырып, әйелдердің университеттің білім беру және қоғамдық өміріндегі маңызды рөлін айқындай түсті.