Мақсаты мен міндеттері:
- университет мектептерін, кафедраларын Университеттің ақпараттық желісі базасында қашықтықтан оқыту үшін технологиялық платформамен қамтамасыз ету;
- білім беру сапасын арттыру және білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту үшін оқу процесіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу;
- қашықтықтан оқытудың ақпараттық платформасын сүйемелдеу.
- қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дамыту;
- қашықтықтан оқытудың ақпараттық жүйесін енгізу, жаңғырту, сүйемелдеу;
- қашықтықтан оқыту жүйесінің оқу курстарын әзірлеу және жүргізу бойынша оқытушыларға техникалық, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету;
- қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық ресурстарды толықтыру;
- қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеу үшін оқытушыларды оқыту бойынша семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
- қашықтықтан білім беруді дамыту бойынша семинарлар мен конференциялар жұмысына қатысу;
- бөлім қызметі туралы жыл сайынғы есеп.
Функциялары:
- қашықтықтан білім беру порталын басқару;
- ҚББТ жүйесін жаңғырту;
- қашықтықтан оқыту үшін ақпараттық-білім беру ресурстарын орналастыру, жұмысқа қабілеттілігін қолдау және ақпараттық сүйемелдеу;
- университет деңгейінде басшылық ету, деректердің бүтіндігін қолдайтын техникалық сүйемелдеу, қашықтан оқыту қолданушыларына кеңес беру және оқыту;
- университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ҚББТ саласында біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- ЖАОК жүйесін қолдау және басқару;
- «on-line» және «off-line» режиміндегі білім алушылардың оқу үдерістерінің мониторингі;
- қашықтықтан оқыту технологиялары үшін ақпараттық ресурстарды қолдану әдістемесін әзірлеу;
- білім беру қызметтері нарығында ЖАОК жылжыту;
- қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігі режимін жүзеге асыру;
- қашықтықтан оқыту жүйесін дамытудың әртүрлі кезеңдерінде автоматтандыру бойынша қажетті бағдарламалық өнімдерді сатып алуға және әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
- қашықтықтан оқыту медиатека қорын құру және сақтау.
Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімінің басшысы
Сұлтанбай Жансая Мұңайтпасқызы
№2 оқу корпусы, 3 этаж, №303 кабинет
Байланыс: 8(727) 338-79-76, вн. 7776
Email: [email protected]
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 08.30-18.00