Мансап және жұмыспен қамту орталығы

Мансап және жұмыспен қамту орталығы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ миссиясын қолдайды, алға жылжытады, түлектердің тиімді жұмысқа орналасуына және олардың еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.

 Орталықтың қызметі:

  • Университет студенттері мен түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоспарланған іс-шаралар арқылы жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру.
  • Университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа қабылдау және желілік іс-шаралар арқылы байланыс орнату.
  • Түлектердің өзін-өзі таныстыру дағдыларына үйрету (түйіндеме жазу ережелері, сұхбаттасу кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері)
  • Студенттердің жеке дағдыларын көрсетуге, әлеуеті және кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыруға ықпал ету.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы


 ҚазҰМУ түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары көрсеткішке ие

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл университеттегі медициналық білім берудің сапасын және еңбек нарығында ҚазҰМУ түлектерінің жоғары сұранысқа ие екенін айғақтайды.

Соңғы үш жылдағы жұмыспен қамтылу көрсеткіштері:

  • 2022 жыл — 99,0%
  • 2023 жыл — 99,0%
  • 2024 жыл — 99,5%

Бұл көрсеткіштер университеттің түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл орнату және жас мамандарды кәсіби қалыптасу кезеңінде қолдау бойынша жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

2024 жылғы түлектер туралы мәлімет

2024 жылы университетті 2 923 түлек бітірді, оның ішінде 1 729 түлек мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған.

2023–2024 оқу жылы бойынша түлектердің жұмыспен қамтылу қорытындылары:

Санат Түлектер саны Жұмыспен қамтылу деңгейі
Бакалавриат 468 98%
Интернатура 790 99%
Резидентура 363 100%
Магистратура 72 100%
Докторантура 25 100%

Барлығы: 1 718 түлек табысты түрде жұмыспен қамтылды.

Оқу жолын жалғастырған түлектер

Жалпы 621 түлек білімін жалғастыруда, оның ішінде:

  • Бакалавриат — 72
  • Интернатура — 543
  • Резидентура — 6

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында жұмыспен қамтылғандар

848 түлек еліміздің медициналық ұйымдарында кәсіби қызметін бастады, оның ішінде:

  • Бакалавриат — 368
  • Интернатура — 147
  • Резидентура — 256
  • Магистратура — 62
  • Докторантура — 15

Міндетті өтеуден босатылған түлектер

Белгіленген нормативтік негіздерге сәйкес, 249 түлек міндетті еңбек өтеуден босатылған, оның ішінде:

  • Бакалавриат — 28
  • Интернатура — 100
  • Резидентура — 101
  • Магистратура — 10
  • Докторантура — 10

ҚазҰМУ түлектерінің жоғары жұмыспен қамтылу деңгейі университеттің медициналық кадрларды сапалы даярлау жүйесін, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін және жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған университеттің тиімді жұмысын дәлелдейді.

Дерек көз: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Мансап  және жұмыспен қамту орталығы

Мансап жаңалықтары

Орталық басшысы

Кашаганова Жамила Түгелбайқызы

Байланыс: вн:71-01

Мансап және жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері туралы ақпарат:


Бас маман
Бөлекбай Айгерім Қайратқызы
Байланыс: 75-32
Email: [email protected], [email protected]


Бас маман — Абжанова Кулимхан Құрмантайқызы
Байланыс: 75-32
Email: [email protected], [email protected]


Бас маман— Есімбекова Перизат Мұратбекқызы
Байланыс: 75-31
Email: [email protected], [email protected]


Маман — Сулейманова Джамиля Исабалыевна
Байланыс: 75-31
Email: [email protected], [email protected]