Бөлім туралы қысқаша ақпарат:
Бөлімнің басты мақсаты: еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен жергілікті нормативтік актілердің сақталуын үйлестіру және бақылау болып табылады.
Бөлімнің мақсаты:
Университет қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Университет қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ұжымдық шартты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі келісімді, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау;
өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың және өндірістік факторларға байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты, сондай-ақ жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Университет қызметкерлерін, оның ішінде басшылықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша хабардар ету және консультация беру;
Университет қызметкерлерінің азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылау;
Сапа менеджменті жүйесінің, Университеттің сапа саласындағы саясатының және Университеттің сапа саласындағы басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.
Бөлімнің орналасқан жері:
Төле би 94, Ректорат 1 қабат 123 кабинет, ішкі телефон 7111
Бөлімнің дербес құрамы туралы мәліметтер:
Шарипов Самурат Кулекенович — Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері
email:[email protected]
тел: 8707 245 17 64, ішкі.7353
Қазна Бақдәулет Ерланұлы— Өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері
email: [email protected]
тел: +7 727 338 7000, ішкі 7358
Кокенов Талгат Серикбекович— АҚ жөніндегі маман
email: [email protected]
тел: +7 727 338 7000