Департамент туралы
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық Департаменті Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент Университетті дамытудың стратегиялық мәселелері бойынша Басқарма Төрағасы — Ректорға және халықаралық қызмет мәселелері жөніндегі бірінші проректорға тікелей бағынышты.
Департамент қызметінің негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, Университет қызметін стратегиялық жоспарлау және дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту мен шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату.
Департамент құрылымы:
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың ұлттық жобаларына сәйкес Университет қызметінің стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу;
- Департаменттің қолданыстағы кадрлық, техникалық және функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде Университеттің Даму бағдарламасын іске асыру бойынша қызметіне мониторинг жүргізу, қызметті жетілдіру, оның ішінде университеттің мақсатты индикаторларына қол жеткізу, мүмкіндіктерін анықтау;
- құрылымдық бөлімшелерден алынған деректерді жинау, құрастыру, салыстыру және талдау арқылы жүзеге асырылатын Университеттің және оның еншілес ұйымдарының стратегиялық көрсеткіштеріне, негізгі қызмет көрсеткіштеріне мониторинг және бағалау жүйесін жетілдіру;
- талдау негізінде Университеттің дамуы мен ұйымдық құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;
- халықаралық ынтымақтастық және Университет қызметін интернационалдандыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің, ғылым мен клиниканың дамуының негізгі әлемдік тенденциялары бойынша ақпарат жинау, талдау және аналитикалық материалдарды дайындау;
- ОПҚ-ның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға және тиімділігін талдауға қатысу;
- шетелдік әріптестермен білім, ғылым және клиникалар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарды әзірлеу, жасасуды қолдау және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Департамент мекен-жайы мен жұмыс уақыты
Мекен-жай: 050012, Алматы, Толе би, 94 ҚазҰМУ Ректораты, 2-ші қабат, № 218 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін
Департамент басшысы
Степкина Елена Леонидовна,
Фарм.ғ.к., денсаулық сақтау үздігі
Телефон: 8(727) 3387000 (ішкі. 7019)
E-mail:[email protected]