Басқарма қызметінің негізгі функциялары:
- Мақсатты индикаторларды, түйінді көрсеткіштерді орындау және Университетті интернационалдандыруды дамыту мақсатында шетелдік ғылыми, білім беру және клиникалық ұйымдармен байланыс орнату және іздеу;
- Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік әріптестермен кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыру;
- Меморандумдарға қол қоюды қолдау және үйлестіру;
- халықаралық серіктестер деректер базасын қалыптастыру, жаңарту және талдау;
- Университетке шетелдік мамандарды шақыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру және бақылауға қатысу;
- Университеттің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының сыртқы академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Университеттің ПОҚ академиялық ұтқырлығының тиімділігін бақылауға қатысу;
- Эразмус бағдарламалары бойынша Университет қызметін дамытуға қатысу және көмек көрсету;
- Қажетті құжаттаманы қалыптастыру, халықаралық бірлестіктерге мүше болу үшін хат алмасуды жүргізу;
- Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық шеңберінде студенттерге, ПОҚ және Университет қызметкерлеріне семинарлар, лекциялар және оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға қатысу;
- Басқарма құзыреті шегінде Университеттің веб-сайты мен әлеуметтік желілеріне ақпараттық қолдау көрсету.
Басқарманың мекен-жайы мен жұмыс уақыты:
Мекен-жай: 050012, Алматы, Төле би, 94
ҚазҰМУ Ректораты, 2-қабат, № 285 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін
Басқарма басшысы
Рүстемова Ақбота Молданқызы
Телефон: +7 (727) 338-70-00 (ішкі. 71-37)
E-mail: [email protected]; [email protected]
ХЫБ-ның кадрлық құрамы:

Бас маман:
Аманбаева Элмира Калдыбекқызы
Телефон: +7 (727) 338-70-00 (ішкі. 70-41)
E-mail: [email protected]; [email protected]

Маман:
Елтай Ақмарал Елтайқызы
Телефон: +7 (727) 338-70-00 (ішкі. 74-88)
E-mail: [email protected]; [email protected]





