Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің (Бұдан әрі – Қызмет) негізгі мақсаты Университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Қызметтің тапсырмалары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны, стандарттар мен саясатты әзірлеу;
- комплаенс бағыттарын қадағалау және бақылау.
Университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
- басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.