С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерді, жас мамандарды және философия докторларын (PhD) қайта бөлу жөніндегі Комиссияның екінші отырысы өтті.

2026 жылы ҚазҰМУ түлектерінің жалпы саны 3 134 адамды құрайды. Оның ішінде 2 052 түлек міндетті түрде бөлуге жатады. Комиссияның бірінші отырысының қорытындысы бойынша 1 717 түлек жұмыс орындарына бөлініп, 335 адам міндетті еңбек өтеуден босатылды.

Комиссияның екінші отырысы барысында міндетті еңбек өтеуден босату, білімін жалғастыруына байланысты кейінге қалдыру және түлектерді қайта бөлу мәселелері қаралды.

Жалпы отырыс барысында:

  • 16 түлектің – міндетті еңбек өтеуден босатылу мәселесі;
  • 484 түлектің – білімін жалғастыруына байланысты міндетті еңбек өтеу мерзімін кейінге қалдыру мәселесі, оның ішінде 399 түлек – резидентураға, 83 – магистратураға, 2 – докторантураға түсуіне байланысты;
  • 14 түлектің – қайта бөлу және міндетті еңбек өтеу орнын өзгерту мәселелері;
  • өткен жылдардағы 2 түлектің – білімін жалғастыруына және отбасылық жағдайларына байланысты өтініштері қаралды.

Комиссия отырысында шетелде білімін жалғастыру, отбасылық жағдайларға байланысты міндетті еңбек өтеу орнын өзгерту, сондай-ақ міндеттеменің қалған бөлігін орындауға қатысты түлектердің өтініштеріне ерекше назар аударылды.

Әрбір мәселе бойынша ұсынылған өтініштер мен растайтын құжаттар қаралды. Комиссия шешімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылданды.

Комиссияның жұмысы түлектерді бөлу, міндетті еңбек өтеуден босату және кейінге қалдыру, сондай-ақ жас мамандарды қайта бөлу мәселелерін ашық әрі объективті қарауға бағытталған.

ҚазҰМУ-дың Мансап және жұмыспен қамту орталығы түлектерді бөлу, жұмысқа орналасу және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруда.

Фото КазНМУ

Фото КазНМУ

Фото КазНМУ

 

Фото КазНМУ

Фото КазНМУ

Фото КазНМУ