Ішкі аудит қызметі

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 39-бабына сәйкес, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ-да бақылау органы – Директорлар кеңесіне бағынысты тәуелсіз Ішкі аудит қызметі бар.

Қызмет өз жұмысын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Жалғыз акционердің шешімдерін, Ережені және Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты – «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесіне Қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру.

Аудит шеңберіндегі ІАҚ негізгі міндеттеріне:

  • Университеттің қаржылық-шаруашылық, клиникалық және білім беру қызметінің көрсеткіштерін;
  • нәтижеге бағытталған бюджетті пайдаланудың тиімділігін;
  • Университеттегі ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқаруын;
  • Университеттің бухгалтерлік есеп жүйесінің, ақпаратының (жоспарлары мен есептілігінің) сенімділігі, толықтығы, объективтілігі мен сенімділігі, сондай-ақ ішкі және сыртқы пайдаланушыларға осындай ақпаратты (жоспарлар мен есептерді) анықтау, өлшеу, жіктеу және беру үшін қолданылатын ережелерді (қағидаларды, әдістерді) бағалауын;
  • ресурстарды, активтерді және оларды есепке алуды, сақталуын (қалпына келтіруді) және/немесе сақталуын (қорғауды) қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін;
  • Университеттің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі саясаттың және басқа да құжаттардың талаптарын сақтауы, сондай-ақ осы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігін;
  • Университеттің уәкілетті (қадағалаушы) мемлекеттік органдардың шешімдері мен өкімдерін (ұсыныстарын) орындауын;
  • Университеттің еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының ІАҚ қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіруін;
  • корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі және оны жетілдіру үдерісі, этикалық нормалар мен құндылықтарға сәйкестігін талдау және бағалау жатады.

Ішкі аудит қызметінің басшыссы

Кожахметова Каракоз Сабетбековна

Ректорат, 233 кабинет.

Телефон: +7 727 338 70 90, ішкі:7340

Академиялық қызмет бойынша аудитор — Балмаханова Инкар Аскаровна
Ректорат, 237 кабинет.
Телефон: ішкі: 70-94
e-mail: [email protected]


Қаржы қызметі бойынша аудитор — Омаров Нурсултан Ерликулы
Ректорат, 237 кабинет.
Телефон: ішкі: 70-09
e-mail: [email protected]


Клиникалық қызмет аудиторы — .
Ректорат, 237 кабинет.
Телефон: ішкі: 70-09