8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай КазҰМУ-дың әйел оқытушылары мен қызметкерлері арасында тұрақты түрде спортпен айналысуға қолдау көрсету




17.03.2022

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай КазҰМУ-дың әйел оқытушылары мен қызметкерлері арасында тұрақты түрде спортпен айналысуға қолдау көрсету, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ашық түрде 2022 жылы наурыз айының 12- шы жұлдызында сағат 10:00 де ҚазҰМУ АҚ – ның спорт кешенінде (Алматы қаласы Байтұрсынұлы 93) волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа қатысушы ойыншылар өтініші электронды немесе жарыс алды қабылданды, жарыс айналмалы жүйеде өтті. Жалпы жарысты ұйымдастыру, басқару Университет спорт клубы және КазҰМУ жұмысшыларының кәсіподағы қолдауымен өтті. Жарыс төрелігі ҚазҰМУ АҚ –ның ассистенті Переверзева Н.В., Рахметова Г., ДШО меңгеріушісі Фадеева О.Ю., лекторы : Бауыржан Ж., Кален Ф., Джигарбаев Б.Т., жауапты болып өткізеді.
Орын алған командалар: 1- орын Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
2- орын Жалпы медицина мектебі
3- орын Педиатрия мектебі
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін кубоктар және дипломдармен жекелей сыйлықтармен марапаттайды.