Ардақта, ана тіліңді




21.09.2015

«Тілдітұғырлыету — маған,
саған,бәрімізге сын»
Н.Ә. Назарбаев

Ардақта, ана тіліңді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.«Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- дың 85 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Ардақта, ана тіліңді»атты әдеби-танымдық кеш болады.

 Кеш университеттің аренасында 2015 жылы 23 қыркүйекте сағ. 14.00  өтеді. Кешке 20 ұлттың өкілдері өз ана тілдерінде ән шырқап,  би билеп, қазақтың көрнекті ақындарының қаламынан туған өлеңдерін оқиды.Тілдер мерекесіне арналған әдеби-танымдық кештің мақсаты —  студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Сондай-ақҚазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін атап өту  барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін құрмет болып табылады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей, біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ете отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсат етіледі.

Кешке қатысуға өтініш білдіретен студенттер қазақ тілі  кафедрасына хабарласуға болады. (Мекен-жайы: Қазыбек би, 77. Үнді елшілігі). Кеш үш тілде өтеді.

Ұйымдастырушылар:қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент  Абдуллина З.А., доцент Дәрменқұлова Р.Н., аға оқытушы Рахымбаева А.Т.

            «Ардақта, ана тіліңді»атты әдеби-танымдық кешті тамашалауға шақырамыз.