Ішкі аудит қызметі туралы

Ішкі аудит қызметі — ішкі аудитті, ұйымның қызметін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын университет органы.

Ішкі аудит ұйымға тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару процестерінің тиімділігін бағалауға және арттыруға жүйелі және дәйекті тәсілді пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

ІАҚ функционалдық жағынан Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді.