Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің оқытушылары Батима Бектайыровна менБақыт Мырзашевна стоматология факультетінің №5 студенттік жатақханасына келіп,студенттермен «Салауатты өмір салтын ұстану» жайлы кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын түсіндіріп,пікір алмасу болды.
Аталған іс-шарада студенттерге тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетілді.
Сонымен қатар,сұрақ-жауап кезеңінде студенттер ұстаздарға сұрақтарын қойып,қызықты әрі нақты жауап алды.
Кездесу өте қызықты өтті. Бұндай іс-шаралар жатақханамызда өте жиі ұйымдастырылады.
Осыған байланысты жатақхана студентерін назардан тыс қалдырмай, пайдалы әрі қызықты кездесулер өткізіп жүрген модульдерге алғыс айтамыз.
Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы
Ермек Динара