Қысқы мектеп аясында өткен «Іскери қазақ тілі» семинарының есебі




21.01.2016

Қысқы мектеп аясында өткен «Іскери қазақ тілі» семинарының есебі

2016 жылдың 18-31 желтоқсаны аралығында қысқы мектеп аясында Кәсіби тілдерді дамыту оқу департаментінің ұйымдастыруымен «Іскери қазақ тілі» атты семинар өтті. Семинарды қазақ тілі кафедрасының оқытушылары өткізді. Семинарға қатысушылар бастауыш, орта және жалғастырушы болып үш топқа бөлініп оқыды. Жалғастырушы топқа қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Абдуллина Зәуреш Абдрахметқызы мен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, орта топқа оқытушы Канленова Бақыт Нилқызы, бастауыш топқа филология ғылымдарының кандидаты, доцент Доскеева Балдырған Жармұхаметқызы сабақ өткізді.

Жалғастырушы топ тыңдаушылары қазақ тіліндегі іс қағаздарының толтырылу үлгісімен танысты, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің өзіндік ерекшеліктері туралы қажетті мағлұматтарды алды. Сабақ барысында әр кафедралардан әкелінген іс қағаздарының үлгілері талқыланып, ондағы кемшіліктерді түзеудің жолдары көрсетілді.

Орта топ тыңдаушылары әр түрлі құжаттарды жазу кезінде өздеріне қиындық келтіріп жүрген мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Оқытушы Б.Н.Канленова қазақ тілінің грамматикалық құрылымын орыс тілі грамматикасымен салыстыра отырып үйретумен қатар, аударма жасауда ескерілетін мәселелерге де тоқталды.

Қазақ тілі кафедрасындағы негізгі оқу құралдарының авторы, орыс топтарында қазақ тілін оқыту әдістемесін терең меңгерген, білікті маман доцент Б.Ж.Доскеева бастауыш топ тыңдаушыларына тіл үйренудің ең оңай тәсілдерін көрсете отырып, олардың әрі қарай қазақ тілін өз беттерінше меңгерулеріне бағыт-бағдар берді.

Семинардың соңынан тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері семинардың жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Семинар көздеген мақсатына жетті деп ойлаймыз.

Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина.