2026 жылғы 25 мамырда проректор Ж.А. Қалматаевамен университет кафедраларының меңгерушілерімен кезекті кездесу өтті, жиналыс барысында білім беру және ғылыми қызметтің өзекті мәселелері қаралды.

Кездесу барысында Педиатрия мектебіндегі оқыту сапасын мониторингтеу және бақылау, сондай-ақ кафедралар деңгейінде постаккредитациялық мониторинг іс-шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы профессор-оқытушылар құрамының шетелдік тағылымдамалары нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуді талдау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 23 ақпан мен 3 сәуір аралығында жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті бағыттар айқындалып, жауапты құрылымдарға тапсырмалар берілді.