Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департамент туралы

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық Департаменті Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент Университетті дамытудың стратегиялық мәселелері бойынша Басқарма Төрағасы — Ректорға және халықаралық қызмет мәселелері жөніндегі бірінші проректорға тікелей бағынышты.

Департамент қызметінің негізгі мақсаты:

Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, Университет қызметін стратегиялық жоспарлау және дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту мен шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату.

Департамент құрылымы:

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың ұлттық жобаларына сәйкес Университет қызметінің стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу;
  • Департаменттің қолданыстағы кадрлық, техникалық және функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде Университеттің Даму бағдарламасын іске асыру бойынша қызметіне мониторинг жүргізу, қызметті жетілдіру, оның ішінде университеттің мақсатты индикаторларына қол жеткізу, мүмкіндіктерін анықтау;
  • құрылымдық бөлімшелерден алынған деректерді жинау, құрастыру, салыстыру және талдау арқылы жүзеге асырылатын Университеттің және оның еншілес ұйымдарының стратегиялық көрсеткіштеріне, негізгі қызмет көрсеткіштеріне мониторинг және бағалау жүйесін жетілдіру;
  • талдау негізінде Университеттің дамуы мен ұйымдық құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;
  • халықаралық ынтымақтастық және Университет қызметін интернационалдандыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің, ғылым мен клиниканың дамуының негізгі әлемдік тенденциялары бойынша ақпарат жинау, талдау және аналитикалық материалдарды дайындау;
  • ОПҚ-ның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға және тиімділігін талдауға қатысу;
  • шетелдік әріптестермен білім, ғылым және клиникалар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарды әзірлеу, жасасуды қолдау және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

Департамент мекен-жайы мен жұмыс уақыты

Мекен-жай: 050012, Алматы, Толе би, 94 ҚазҰМУ Ректораты, 2-ші қабат, № 218 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін

Департамент басшысы

Степкина Елена Леонидовна,

Фарм.ғ.к., денсаулық сақтау үздігі

Телефон: 8(727) 3387000 (ішкі. 7019)