ҚазҰМУ – 2026 БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту мақсатында
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өткізілді.

1. Іс-шара туралы жалпы ақпарат

Іс-шараға өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық ұйымдардың,
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ университет түлектері қатысты.

Іс-шараның негізгі көрсеткіштері:

  • тіркелген жұмыс берушілер саны — 142;
  • іс жүзінде қатысқан жұмыс берушілер саны — Қазақстан Республикасының 18 өңірінен 131 жұмыс беруші;
  • ұсынылған презентациялар саны — 14;
  • ағымдағы жылғы қатысқан түлектер саны — 1 472.

Жұмыс берушілерді тіркеу нысанының сілтемесі:

Google Form

Өңірлер бойынша қатысушылар саны
Өңір Қатысушылар саны
1 Ақмола облысы 11
2 Алматы облысы 16
3 Атырау облысы 10
4 Абай облысы 1
5 Алматы қ. 14
6 Астана қ. 1
7 Жамбыл облысы 11
8 Жетісу облысы 4
9 Қарағанды облысы 8
10 Қостанай облысы 3
11 Қызылорда облысы 4
12 Батыс Қазақстан облысы 19
13 Солтүстік Қазақстан облысы 1
14 Шығыс Қазақстан облысы 1
15 Ұлытау облысы 1
16 Павлодар облысы 1
17 Түркістан облысы 8
18 Маңғыстау облысы 17
Барлығы 131
2. Пленарлық бөлім

Іс-шара медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлау мәселелеріне арналған
пленарлық бөліммен ашылды.

Баяндамалармен сөз сөйлегендер:

  • Жалпы медицина-2 мектебінің деканы Гүлжан Амангелдіқызы Шопаева — интернатура бойынша;
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Абылай Ниятұлы Баймаханов — резидентура бойынша.

Баяндамалардың қорытындысы бойынша қатысушыларға мамандарды даярлаудың өзекті тәсілдері таныстырылып,
білім беру траекторияларының ерекшеліктері түсіндірілді.

2025–2026 оқу жылында күтілетін жалпы бітірушілер саны — 3 030 адам.

Даярлау бағдарламалары бойынша күтілетін бітірушілер саны
Мамандық Бітірушілер саны / оның ішінде грант бойынша
1 Жалпы медицина (ЖПД) 1 179 / 716
2 Педиатрия 306 / 293
3 Стоматология 113 / 12
4 Резидентура 760 / 485
5 Магистратура 83 / 42
6 PhD докторантура 23 / 22
7 Мейіргер ісі 3 / 3
8 Фармация 39 / 13
9 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 524 / 523
Барлығы 3 030 / 2 109
3. Жұмыс берушілердің баяндамалары

Іс-шараның 10:50–12:00 аралығында өткен негізгі бөлімінде өңірлер мен
денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Жұмыс берушілер төмендегі бағыттар бойынша ақпарат ұсынды:

  • өзекті бос жұмыс орындары;
  • жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары;
  • өңірлердің кадрларға қажеттілігі;
  • жұмысқа орналасу және кәсіби даму шарттары.

Баяндама жасағандар қатарында Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау
басқармаларының өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық департаменттердің, түрлі өңірлердегі
медициналық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері болды.

Аталған бөлім аясында барлығы 14 презентация ұсынылды.

Жұмыс берушілерден университетке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, медициналық және фармацевтикалық
кадрларға жалпы қажеттілік 2 279,25 бос жұмыс орнын құрады.

Өңірлердің кадрларға қажеттілігі
Өңір / ұйым Кадрларға қажеттілік
1 Алматы облысы 128,5
2 Павлодар облысы 210
3 Батыс Қазақстан облысы 292,8
4 Атырау облысы 63
5 Солтүстік Қазақстан облысы 109,5
6 Қызылорда облысы 139
7 Жамбыл облысы 150
8 Қостанай облысы 68
9 Жетісу облысы 295,75
10 Абай облысы 140,25
11 Қарағанды облысы 421,75
12 Алматы қ. 182,75
13 ҚР СЭБК 194
Барлығы 2 279,25
4. Түлектермен жеке жұмыс

Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін, сағат 12:00-ден бастап, жұмыс
7-оқу корпусында жалғастырылып, онда арнайы аудиторияларда түлектердің
жұмыс берушілермен жеке кездесулері ұйымдастырылды.

Өзара іс-қимыл форматы мыналарды қамтыды:

  • жеке консультациялар;
  • әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасу;
  • жұмысқа орналасу шарттарын талқылау;
  • түлектерді алдын ала бөлу.

Сонымен қатар Жамбыл және Маңғыстау облыстарының өкілдері жергілікті
атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл аясында түлектермен және резиденттермен
жеке кездесулер өткізді.

5. Іс-шараның қорытындылары

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» іс-шарасына 1 472 түлек қатысып,
мақсатты аудиторияның кең қамтылуын және түлектердің жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша:

  • түлектердің әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей байланысы қамтамасыз етілді;
  • түлектердің өзекті бос жұмыс орындары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардарлығы арттырылды;
  • университеттің өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және медициналық ұйымдармен өзара байланысы кеңейтілді;
  • түлектерді кәсіби жұмысқа орналастыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасалды;
  • жеке консультациялар, сұхбаттасулар және түлектерді алдын ала бөлу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалды.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» жұмыс берушілер мен түлектер
тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін, сондай-ақ бұл формат жас мамандарды жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің және ҚазҰМУ-дың Қазақстан Республикасының өңірлерімен өзара
байланысын нығайтудың тиімді құралы екенін көрсетті.

Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6
Фото 7
Фото 8
Фото 9
Фото 10
Фото 11
Фото 12
Фото 13