Диссертациялық кеңеске келесі құжаттар ұсынылады:
- ЖОО бірінші басшысының диссертациялық кеңесті таңдау туралы ілеспе хаты;
- Ректордың атына жазылған өтініш;
- Диссертациялық кеңес төрағасының атына жазылған өтініш;
- Отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің жұмыс орнында куәландырылған пікірлері. Шетелдік кеңесшінің пікірінің аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс (қосымша 6);
- Ғылыми комитеттің (немесе кеңейтілген отырыстың) хаттамасынан үзінді, қоғамдық қорғауға ұсыну және рұқсат беру туралы (оң қорытынды), мөрмен расталған;
- Қатты мұқабадағы диссертация және электрондық тасымалдағышта (CD-диск). Диссертацияда міндетті түрде автордың өз жарияланымдарына сілтемелер болуы тиіс (егер диссертация диссертациялық жұмыс түрінде қорғалатын болса);
- Ғылыми еңбектер тізімі және олардың ғылыми хатшы куәландырған көшірмелері (қосымша 7);
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотациялар. Аннотацияда диссертациялық зерттеудің тақырыбы, мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да қорытындылар), зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы, алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, әрбір жарияланымды дайындауға докторанттың қосқан үлесі сипатталады (қосымша 8);
- Ғылыми кеңес немесе Университет Сенаты отырысының хаттамасынан үзінді және (немесе) диссертациялық жұмыстың тақырыбын бекіту және ғылыми кеңесшілерді тағайындау туралы бұйрық;
- Транскрипт;
- Халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың бар екендігі туралы ҰҒТБК анықтамасы;
- Докторант оқыған ЖОО-ның Этикалық комиссиясының ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және нәтижелерін тарату барысында құқықтарды, қауіпсіздікті және зерттеу объектілерінің (тірі табиғат объектілері мен олардың мекендеу ортасы) әл-ауқатын қорғау бойынша бұзушылықтардың жоқтығы туралы қорытындысы;
- Докторант оқыған кафедра меңгерушісі/ғылыми бөлім басшысының қолы қойылған докторанттың мінездемесі.
Список документов на защиту (каз): Файлды жүктеу
Диссертациялық кеңес Төрағасына өтініш: Файлды жүктеу
ҚазҰМУ Ректорына өтініш: Файлды жүктеу
Аттестаттау іс-құжаттарының тізімдемесі: Файлды жүктеу
ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ: Файлды жүктеу
Ғылыми және ғылыми — әдістемелік еңбектерінің тізімі: Файлды жүктеу