Құрметті әріптестер!

Сіздерді С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2026 жылы 26, 27 тамызда өтетін Тамыз  конференциясы — 2026 қатысуға шақырамыз!

Тамыз конференциясы — кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған дәстүрлі алаң.

Конференция аясында білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, цифрлық технологиялар, академиялық қызметті жетілдіру және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына арналған тақырыптық секциялар, презентациялар және практикалық іс-шаралар өткізіледі.

 ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамын Тамыз конференциясы – 2026 жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!

Сіздерді 2026 жылғы 26–27 тамызда күтеміз!

Конференция бағдарламасы және қосымша ақпарат ҚазҰМУ-дың Виртуалды кеңсесінде (офисінде) орналастырылған

 Тамыз конференциясы – 2026-да кездескенше!