2026 жылғы 10 маусымда проректор Ж.А. Қалматаеваның университеттің декандары мен кафедра меңгерушілерімен профессор-оқытушылар құрамының қызметін жоспарлау және есепке алу мәселелеріне арналған кезектен тыс кездесуі өтті.
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесі туралы ережені түсіндіру мәселесі бойынша проректор Ж.А. Қалматаева сөз сөйледі. Өз баяндамасында профессор-оқытушылар құрамының жылдық педагогикалық жүктемесі 1760 сағатты құрайтынын және оған оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық-ұйымдастыру және тәрбие жұмыстары кіретінін атап өтті. Сонымен қатар теориялық және базалық кафедралардағы жүктемені бөлудің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Клиникалық жүктемені жоспарлау мәселесі бойынша проректор С.Е. Султанғазиева баяндама жасап, клиникалық жүктеменің жылдық сағаттық бөлінісін және оны қызмет түрлері бойынша бөлу тәртібін таныстырды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша проректор И.Р. Фахрадиев сөз сөйледі. Баяндама барысында профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметіне қойылатын талаптар, ғылыми жұмыстың нәтижелілік көрсеткіштері және университеттің ғылыми әлеуетін дамытудың басым бағыттары қарастырылды.
Тәрбие жұмысы мәселесі бойынша проректор У.М. Датхаев баяндама жасап, тәрбие қызметінің негізгі бағыттарын, профессор-оқытушылар құрамының студенттермен тәрбие жұмысына қатысу тәртібін, сондай-ақ аталған қызметтің тиімділігін бағалау критерийлерін таныстырды.






Leave A Comment