2026 жылдың 18 маусымда Даңқ залында жаңа оқу жылына дайындық және білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған проректордың декандармен мен кафедра меңгерушілерімен кезекті кездесуі өтті.

Отырыс барысында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің, Стоматология мектебінің және Халықаралық факультеттің декандары оқытудың сапасын мониторингтеу және бақылау нәтижелерін ұсынды.

ОПжОҮБ басшысы А. Е. Туманбаева профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесінің орындалуын тексеру қорытындылары бойынша есеп берді.

Академиялық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Г. С. Кодекова қатысушыларды 2026–2027 оқу жылына дайындық бойынша чек-парақпен таныстырды.

Жаңа оқу жылына дайындық мәселелеріне, атап айтқанда силлабустарды әзірлеу және жаңарту, оқу-әдістемелік ұсынымдарды дайындау, зертханалар мен оқу аудиторияларының дайындығы, сондай-ақ білім беру үдерісін кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Жалпы медицина-1 мектебінің деканы С. Х. Измайлова Жалпы медицина-1 мектебінің 2026–2027 оқу жылына дайындығы туралы баяндап, шешуді қажет ететін өзекті мәселелерді атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы оқу жылында білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында басым міндеттер мен оларды орындау мерзімдері белгіленді.