Бүгінгі таңда ҚазҰМУ мамандарын даярлау сапасын басқару жүйесі кешенді жоспарлар, ЖОО мен оның құрылымдық бөлімшелерін дамытудың басым бағыттары арқылы іске асырылатын стратегиялық менеджмент шеңберінде білім беру қызметіне қол жеткізу және сапасын жақсарту міндеттерін қалыптастыру және айқындау жолымен стратегиялық және орта мерзімді мақсаттарды іске асыруға бағытталған. Осыған байланысты 2005 жылы ҚазҰМУ-ға СМЖ енгізу процесі басталды.
ҚазҰМУ жыл сайын халықаралық сертификаттау органы алдында жүйені қолдану саласы, Ұйым саясаты және оның мақсаттары аясында жүйенің өнімге немесе қызметтерге қойылатын келісілген талаптарға қол жеткізуге қабілеттілігін растайды.
ҚазҰМУ сапа менеджменті жүйесінің қолданыстағы моделі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі кепілдіктерін қалыптастыру механизмдерін жасауға және жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте қызмет сапасын басқарудың түрлі құралдары мен әдістемелері: білім беру процесінің негізгі білім беру бағдарламаларының мемлекеттік стандарттарына сәйкестігін мониторингілеу (ішкі аудит жүргізу арқылы), білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының қанағаттанушылығын бағалау (сауалнама тәсілімен), ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесінің жетілуін мониторингтеу және бағалау (сертификаттау органы сыртқы аудит кезінде), СМЖ талдау пайдаланылады.
Қазіргі уақытта ҚазҰМУ-да құрылымдық бөлімшелері қызметінің СМЖ сапа саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыратын ішкі аудиторлардың қызметі арқылы ішкі бақылау жүйесі құрылды және табысты жұмыс істеуде.
Мақсаты:
Сапа менеджменті жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету арқылы Университет қызметін үздіксіз жақсартуға қол жеткізу.
Міндеттері:
- Университет қызметін жақсарту , cоның ішінде стратегиялық жоспар нәтижесінің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін жүйелі негізде анықтау;
- СМЖ жұмыс істеуін және дамуын, оның ішінде МС ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігі қажет екенін ескере отырып, қамтамасыз ету;
- Академиялық, ғылыми, клиникалық және тәрбие қызметінің сапасын қамтамасыз ету және бақылау;
- Университет қызметінің салалары бойынша қажеттілікті орындау, ұсыныстар әзірлеу және қажетті саясаттар мен рәсімдерді жасауға қатысу;
- Процестер/ рәсімдер карталарын, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің өзара қарым-қатынас процестерін әзірлеу, енгізу, мониторингілеу және өзектілендіру;
- СМЖ құжатталған ақпаратын басқару;
- Ішкі аудиттерді ұйымдастыру және жүргізу;
- СМЖ саласындағы қызметкерді үйрету.
СМЖ бөлімі қызметінің негізгі бағыттары және міндеттері
СМЖ бөлімінің негізгі бағытары мен міндеттері
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) бөлімі ұйымда тиімділік пен сапа стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. СМЖ бөлімінің негізгі бағыттары мен міндеттері мыналар:
1. Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу.
2. Қызметкерлерді оқыту және дамыту.
3. Ішкі аудиттерді жоспарлау және жүргізу.
4. Құжаттамаларды басқару.
5. Деректерді талдауды жүргізу және үздіксіз жақсарту.
6. Сыртқы ұйымдармен және аудиторлармен ынтымақтастық.
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Сапа менеджменті жүйесі бөлімі жыл сайын ISO 9001:2015 стандарты бойынша ішкі аудиторлыққа корпоративтік оқыту жүргізу жоспарлап отыр.
Курстың мақсаты — ішкі аудиторларға сапа менеджменті жүйелерінің ішкі аудитін тиімді жүргізу әдістемелерін үйрету, сондай-ақ, ISO 9001 халықаралық стандартының талаптарын зерделеу.
Курс шеңберінде қатысушалыр келесілермен:
- аудит жүргізу тұрғысынан стандарт талаптарына шолу жасаумен;
- аудитті жоспарлаумен: аудит бағдарламасы және жоспарымен;
- аудитке дайындықпен: жоғары және төмен деңгейдегі сауалнамалармен;
- ішкі аудитті жүргізу тактикасымен және әдістемесімен;
- психологиялық аспектілермен, сұхбат жүргізу техникасымен;
- жағдаяттар мен сәйкессіздіктерді талдау тәжірибесімен, сәйкессіздік хаттамаларын ресімдеумен;
- түзету әрекеттерін әзірлеумен және талдаумен;
- аудит бойынша есептілікпен танысады.
Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.
Басшысы
Жангирбаев М.Т.
Телефон: (ішкі.70-47)
Email: smk@kaznmu/kz
Бөлімнің құрамы:
Бас маман — Алибекова В.Н
Телефон: (ішкі.73-84)
Email: smk@kaznmu/kz
Бас маман — Амержанова А.Ж.
Телефон: (ішкі.73-84)
Email: smk@kaznmu/kz
Содержание | ||
|
||
Бұл ұйымның сапа саласындағы жалпы мақсаттары мен бағыттарын белгілейтін құжаттың ең жоғары деңгейі. Сапа саясатын әдетте, топ-менеджмент әзірлейді және сапа саласындағы стратегиялар мен мақсаттарды әзірлеуге негіз болады. |
||
|
||
Процедуралар белгілі бір процестерді немесе тапсырмаларды орындау үшін қажетті нақты қадамдар мен әрекеттерді сипаттайтын құжаттаманың келесі деңгейін білдіреді. Олар ұйым ішіндегі қызметті стандарттау мен реттеуді қамтамасыз етеді. |
||
|
||
Бұл құжаттар процедуралар шеңберіндегі нақты тапсырмаларды немесе операцияларды орындауға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулар мен нұсқаулықтар болып табылады. Нұсқаулықтар техникалық мәліметтерді, жабдыққа қойылатын талаптарды, тексеру әдістерін және басқа да арнайы ақпаратты қамтуы мүмкін. |
||
|
||
Бұл құжаттар ұйым жасаған нақты өнімдерді немесе қызметтерді қалай пайдалану керектігін сипаттайды және орнату, баптау, пайдалану жөніндегі және т. б. нұсқауларды қамтуы мүмкін. Пайдаланушылардың нұсқаулықтары клиенттердің өнімді немесе қызметті сапалы пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған. |
||
|
||
Жазбалар процедураларды немесе әрекеттерді орындау барысында жасалған немесе алынған ақпаратты білдіреді. Бұл аудиттер туралы есептер, тексерулердің нәтижелері, жабдықты калибрлеу туралы мәліметтер және т. б. болуы мүмкін. Жазбалар стандарттар мен реттеу талаптарының орындалуын растау және |