Бакалавриат

Біздің университеттің құрылғанына 90 жылдан асты және қызықты әрі күрделі тарихы бар. ҚазҰМУ талай белестерді басынан өткерді және бүгінде студенттерге жаңа көкжиектер ашу үшін дәстүрлер мен инновацияларды тиімді үйлестіруде.

Жыл сайын мыңдаған мектеп оқушылары ҚазҰМУ-да өздерінің жарқын студенттік мансабын бастайды.
Бізге қосылыңыздар!

Міне, біз өскенде кім болғымыз келетінін түсіндік

ҚазҰМУ-де студенттер өздерін көрсетеді және жүзеге асырады, жеке және кәсіби өседі. Жарқын студенттер мен табысты мансап ҚазҰМУ түсуден басталады.

Қабылдау кезеңдері

Document
  • I кезең - ҰБТ
    ҚР ҒжЖБМ ҰБТО сайтында тіркелу (app.testcenter.kz)
    5 пән бойынша тестілеу
    Шекті балл: - ұлттық ЖЖОКБҰ – 65 балл;
    - «Денсаулық сақтау» – 70 балл;
    Қазақстан тарихы, бейіндік пәндер - 5 баллдан кем емес,
    Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы – 3 баллдан кем емес.
  • II кезең – Психометриялық емтихан
    Медицина, Стоматология, Педиатрия, Мейірбеке ісі,Медико-профилактикалық іс
    Онлайн-тіркелу және емтихан өткізу 20 маусым –20 тамыз
    Емтихан форматы – тестілеу
    Бағалау - Өтті/ Өтпеді
  • III кезең – Білім беру грантын тағайындау конкурсы
    РБ қаражаты есебінен Құжаттарды қабылдау13 - 20 шілде
    ЖАО қаражаты есебінен (акимат) Құжаттарды қабылдау 5 – 10 тамыз
  • IV кезең – Қабылдау
    РБ мен ЖАО қаражаты есебінен грант тағайындау туралы куәлік негізінде қабылдау 25 тамызға дейін
    Ақылы негізде қабылдау 25 тамызға дейін

 Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты негізінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түсу үшін

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Аттестат немесе Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  2. Жеке куәлік + көшірмесі 3 дана;
  3. 6 фотосурет 3 x 4 см;
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтамасының түпнұсқасы (1 дана көшірме) және 066/Е нысаны (2 дана көшірме); флюорография суретінің түпнұсқасы (1 дана көшірме);
  5. Сертификат ҰБТ (ҰТО сайтынан қағазға шығарылған);
  6. Психометрикалық емтиханның нәтижесінен рұқсат беру ведомосынан үзінді;
  7. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік;
  8. Ер балалар үшін әскери тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (1 дана көшірме);
  9. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын құжаттың көшірмесі IELTS 5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және жоғары). (бар болған жағдайда);
  10. Барлық құжаттардың электронды нұсқасын PDF форматта;
  11. Квотаны растайтын құжаттар (мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, қандас, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар)
  12. Абитуриенттің туу туралы куәлігі + көшірмесі – 1 дана;
  13. Ата-анасының және заңды өкілінің жеке куәлігі + 1 көшірмесі;
  14. Егерде абитуриенттің өзі немесе ата-анасы болмаған жағдайда, абитуриенттің ата-анасынан заңды өкілге нотариалды сенім хат болуы керек (1 дана көшірмесі);
  15. Сілтеме бойынша https://kaznmu.hero.study/ HeRo Study Space тіркеуінен өтіп, тіркелгеннен кейін талапкердің сауалнамасын толтырыңыз.

Құжаттар тізімі – грант иегерлері үшін 2024

Қабылдау комиссиясының адресі: 050000, Алматы қ., Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы)

Тел.: 8727-338-70-27 (ішкі нөмір 7071, 7350)


Сізден нақты ақпаратты біздің сайттан қадағалап отыруды сұраймыз.

Қабылдау комиссиясының байланыстары

Мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай көшесі № 151, Масанчи көшесінің қиылысы
Тел.: 8 (727) 338-70-27 (көпканалды)
Сайт: www.kaznmu.edu.kz
Е-mail: [email protected]