Мансап және жұмыспен қамту орталығы

Мансап және жұмыспен қамту орталығы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ миссиясын қолдайды, алға жылжытады, түлектердің тиімді жұмысқа орналасуына және олардың еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.

Орталықтың қызметі:
  • Университет студенттері мен түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоспарланған іс-шаралар арқылы жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру.
  • Университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа қабылдау және желілік іс-шаралар арқылы байланыс орнату.
  • Түлектердің өзін-өзі таныстыру дағдыларына үйрету (түйіндеме жазу ережелері, сұхбаттасу кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері)
  • Студенттердің жеке дағдыларын көрсетуге, әлеуеті және кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыруға ықпал ету.