1 мамыр күні аталып өтілетін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады




27.04.2012

 

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қаулысымен 28 сәуірдегі демалыс күні 30 сәуірге, дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша, сенбі жұмыс күні болады да, одан кейін бірден үш күн – 29 және 30 сәуір, 1 мамыр күндері демалыс беріледі (Жұмыс уақыты аптасына 5 күндік қызметкерлер үшін).

ПОҚ және студенттер үшін:

28.04.2012, 30.04.2012ж – сабақ кестесі бойынша оқу процесі.

01.05.2012ж – «Халықтар ынтымақтастығы күні» – демалыс  

ҚазҰМУ баспасөз қызметі