Құрметті талапкерлер!

ҚазҰМУ-ға қалай түсуге боладыҚабылдау ережелеріАрнаулы емтихан - Психометрикалық емтиханБілім беру грантын тағайындау бойынша конкурсыБілім беруге гранттарды тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін Құжаттар тізіміБілім беру бағдарламалары2022 жылы мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға өту балдарыҚысқартылған білім беру бағдарламаларыБілім гранты негізінде қабылдауАқылы негізде қабылдауАқылы негізде оқуға өту балдарыҚұжаттар тізіміОқу ақысыҚабылдау комиссиясының байланыстары

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ
талапкерлерге арналған арнаулы
емтиханды өткізу (психометрикалық тестілеу)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде «Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтарында оқу: Мейірбике ісі, Жалпы медицина, Стоматология, Педиатрия арнаулы емтиханға жатады.

 Арнаулы емтихан психометриялық тестілеу нысанда жүргізіледі.

Психометрикалық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық тестілеудің нәтижелері тестілеу күні жарияланады.

Психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша өтініш берушіге арнаулы емтихан тапсыратын орнына қарамастан медициналық жоғары оқу орындарына ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.

Психометриялық тестілеу күн сайын, сенбі және  жексенбі күннен басқа, 26 шілде мен 19 тамыз 2022 жылы сағат 14.00 мен 17.00 аралығында офлайн режимде өтеді.

Өтетін орны – Масанчи көшесі, 38 (Төле би көшесінің қиылысы).

Емтиханға кіру үшін жеке куәлік болу қажет.

2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы
Грант беру ережелері

Назар аударыңыз!

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылатын болады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

Оқуға түсушілер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай басымдылық қарастырылған.

Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі анықталды: «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқуорындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты». Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының 10 мың талапкеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін мақсатты гранттар алуға мүмкіндік береді. Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» грантына конкурсқа ағымдағы жылдың мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір уақытта жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» байқауына қатыса алмайды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота гранттар санының 1%-ын құрайды. Жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға (қандастарға) гранттардың 4%-ы беріледі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/399629?lang=kk

Жартылай өту балы 2022 жыл /
Полупроходные баллы 2022 года

Білім беру бағдарламасы/
Образовательная программа
ЖОО атауы/
Наименование ВУЗа
Жалпы конкурс/
Общ. конкурс
Ауылдық квота/
Сельская квота
Жалпы медицина/
Общая медицина
ҚазҰМУ/
КазНМУ
133 126
Х.А.Ясауи ат.
ХҚТУ /«МКТУ
им.Х.А.Ясави»
127 118
Басқа ЖОО/
Другие вузы
114 98
Педиатрия ҚазҰМУ/
КазНМУ
106
Басқа ЖОО/
Другие вузы
100
Стоматология ҚазҰМУ/
КазНМУ
139 136
Басқа ЖОО/
Другие вузы
137 130
Мейірбике ісі/
Сестринское дело
ҚазҰМУ/
КазНМУ
109 101
Басқа ЖОО/
Другие вузы
97 95
Қоғамдық денсаулық/
Общественное
здоровье
ҚазҰМУ/
КазНМУ
98 83
Басқа ЖОО/
Другие вузы
103 93
Фармация ҚазҰМУ/
КазНМУ
122 94
Басқа ЖОО/
Другие вузы
121 99
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
(Жалпы конкурс)/
Технология фармацевтического
производства (Общий конкурс)
69
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
АТЫРАУ/
Технология фармацевтического
производства АТЫРАУ
66
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
МАҢҒЫСТАУ/
Технология фармацевтического
производства МАНГЫСТАУ
71

 

Мекен-жайы: Алматы қ., Масанчи көш., 38 (Төле би көш. бұр.), №7 аудиториялық ғимарат
Тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі: 70-71; 73-50
Сайт: www.kaznmu.kz
Е-mail: [email protected]